Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу

GRI 2-29

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау – біздің бизнесті жүргізуге деген көзқарасымыздың негізгі элементі. Мұндай тәсіл сыртқы өзгерістерді, нарықтың күтулерін, сондай-ақ жаңа мүмкіндіктер мен тәуекелдерді жақсы түсінуге көмектесе отырып, сенім мен ашықтыққа ықпал етеді.

Мүдделі тараптармен жүйелі жұмыс және олардың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, этикалық аспектілерге көзқарастарын талдау, сондай-ақ адам құқықтары мәселелері олардың қажеттіліктерін ескеруге және «Самұрық-Энерго» АҚ-ға тікелей де, жанама да әсерлерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Мұндай стратегиялық тәсіл негізгі әріптестермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға, жағымсыз салдардың алдын алуға немесе жеңілдетуге және бизнестің табысты болуын қамтамасыз етуге көмектеседі. Қызметкерлерді, клиенттерді және жалпы қоғамды қоса алғанда, барлық мүдделі тараптар үшін құндылық жасай отырып, біз табысты бүкіл экожүйенің игілігімен байланыстыратын тұрақты бизнес-модельді дамытамыз.

Тиімді өзара іс-қимылды құру үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді басшылыққа ала отырып (АА1000 сериясы стандарты, GRI) Компания қызметін басқару процесінің барлық сатыларында барлық мүдделі тараптардың мүдделерін назарға алуға және ескеруге мүмкіндік беретін бірқатар қағидаттарды қолданады.

Біз өзіміздің қызметіміз аясында өзара іс-қимыл жасайтын негізгі мүдделі тараптарды анықтаймыз. Олардың маңыздылығын бағалау үшін Митчел, Агл және Вуд моделін қолданып, стейкхолдерлерді ішкі және сыртқы топтарға бөлеміз. Талдау және сәйкестендіру негізінде Компания үшін неғұрлым маңызды топтарды қамтитын Стейкхолдерлер картасын қалыптастырамыз. Бұл тәсіл бізге олардың күтулерін ескеріп, ұзақ мерзімді серіктестік қарым- қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың негізгі қағидаттары:

  • мүдделі тараптардың мүдделерін, пікірлері мен артықшылықтарын құрметтеу және есепке алу;
  • мүдделі тараптарды уақтылы және тұрақты хабардар ету;
  • қабылданған міндеттемелерді жауапкершілікпен орындау.

Біз оларды маңызды мәселелер мен стратегиялық басымдықтарды талқылауға шақыра отырып, мүдделі тараптардың пікірлерін үнемі жинап отырамыз. Бұл үшін біздің бизнестің стейкхолдерлерге әсерін бағалауға және басқарудың негізгі аспектілерін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы топтар құрылады.

Бізде түрлі департаменттер мен командаларда жұмыс істейтін мүдделі тараптармен өзара іс- қимылдың түрлі арналары бар. Бұл күнделікті қызмет барысында алынған ақпарат пен кері байланысты қамтиды.

Біз стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасаудағы ашықтық пен этика қағидаттарын ұстанамыз. Бизнесті жүргізу қағидаттары адалдық, құрмет пен жауапкершіліктің нақты стандарттарын белгілейді . Ашықтық қағидатын ескере отырып, стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл шеңберінде біз жыл сайын жылдық есепті шығарғаннан кейін жылдық есептілікте ашылған ақпараттың теңгерімділігі мен толықтығына тексеру жүргіземіз, сондай-ақ Компанияның және оның мүдделі тараптарының қызметіне елеулі ықпал ететін тақырыптар мен аспектілерді анықтаймыз.

Біз тұрақты жаңартылып отыратын саясаттар мен Адам құқықтары саласындағы саясатты қоса алғанда, корпоративтік басқарудың жан- жақты қамтитын жүйесінің көмегімен бизнесті жауапкершілікпен және орнықты жүргізуді қамтамасыз етеміз.

Біз ашық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлеміз және туындайтын мәселелерге жедел ден қоя отырып, кері байланысты көтермелейміз. Біздің қызметкерлер деректерді қорғау, кемсітпеушілік және құпиялылық мәселелері бойынша тереңдетілген оқытудан өтеді, бұл сенім мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Сыртқы аудит стейкхолдерлердің біздің қызметімізге деген сенімін қамтамасыз ете отырып, жоғары этикалық стандарттарды ұстанатынымызды растайды. Өзгермелі іскерлік ландшафт жағдайында біз ашық және жауапты тәжірибелер арқылы сенімді нығайта отырып, икемді болып қаламыз.

Барлық осындай іс-шаралар «Самұрық-Энерго» АҚ Стейкхолдерлер картасына және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тәжірибесіне негізделген Стейкхолдерлермен өзара іс- қимыл жоспарына енгізілген. Жоспар сондай-ақ Компанияның мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл қағидаттарын, мүдделі тараптарды сәйкестендіру және талдау тәсілін, мүдделі тараптармен өзара іс- қимылға қойылатын талаптарды, шағымдарды беру және қарау тетіктерін және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды сипаттайды. Компания Жоспардың орындалу мониторингін жүзеге асырады, нәтижелері Директорлар кеңесінің назарына жеткізіледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ 2024-2034 жылдарға арналған стратегиясы БҰҰ Жаһандық шартында бекітілген тұрақты даму қағидаттарына негізделген, атап айтқанда мүдделі тараптардың картасын және өзара іс-қимыл әдістерін/арналарын құруды қамтиды. 2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ мүдделі тараптарымен өзара іс-қимыл жоспарының іс- шаралары толық көлемде орындалды. Жоспарға сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары 2024 жылы қолданыстағы инвестициялық жобалар бойынша бекітілген Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жоспарларына (СІҚЖ) мониторинг жүргізді.

«Самұрық-Энерго» АҚ стейкхолдерлерінің картасы

Мүдделі тараптардың түйінді топтарымен өзара әрекеттесу

Компанияға қатысты стейкхолдердiң мүддесi Өзара iс-қимыл тетiктерi Өзара iс-қимыл нәтижелерi
Ішкі
Акционер
  • Экономикалық пайда/ Шоғырландырылған таза пайда/ Экономикалық нәтижелілік;
  • Дамуға және дивидендтерге арналған бос қаражат;
  • Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу;
  • Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік, қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту, тұрақты даму қағидаттарын сақтау, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін шағымдар мен айыппұлдардың болмауы.
  • Жиналыстарға қатысу/ «Самұрық-Қазына» АҚ есептi кезеңдегi Қоғам қызметiнiң нәтижелерi туралы мерзiмдi есептiлiк;
  • ҚР заңнамасының талаптарына, Жаңғыз акционердiң iшкi нормативтiк актiлерiне, тиiстi сұрауларға сәйкес есептiлiктi (қаржылық, қаржылық емес) ұсыну;
  • Бірлескен жұмыс топтарын ұйымдастыру, мүдделi тараптармен кеңестер, келiссөздер, кездесулер өткiзу;
  • Медиа-жоспарды қалыптастыру/Қоғам қызметi туралы ақпаратты жариялау;
  • Даму стратегиясының, бизнес-жоспардың орындалуын, инвестициялық жобаларды және тұрақты даму процестерiн iске асыруды және т.б. талқылау;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы қызметiнiң мәселелерi бойынша кездесулер және хат алмасулар;
  • Сауалнама, пiкiртерiм, тестiлеу жүргiзу;
  • Корпоративiшiлiк коммуникация арналары;
  • Компанияның жылдық есебi және интернет-ресурсы.
Толық ақпарат «Корпоративтік басқару» бөлімінде берілген
Еншiлес және тәуелдi ұйымдар
  • Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу деңгейi, персонал мен басшылықтың өзара қарым-қатынасы, кемсiтушiлiкке жол бермеу, әртүрлi және тең мүмкiндiктер;
  • Өндiрiс қауiпсiздiгi мәдениетiнiң деңгейiн арттыру, оқыту және бiлiм беру;
  • Нарықтағы үлес/Нарықтарда өнiмдер мен қызметтердiң болуы;
  • Мемлекеттiк органдармен жұмыс iстеу кезiнде жәрдемдесу, коммерциялық мүдделер.
  • ЕТҰ қатысушысы/акционері ретіндегі Компанияның шешімдері;
  • ҚР заңнамасының және «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының iшкi құжаттарының сақталуын тексеру;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ лицензиялық-келiсiмшарттық мiндеттемелерiнiң орындалуын тексеру;
  • Басшылықтың ЕТҰ өндiрiстiк алаңдарына баруы;
  • ҚР заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар әзiрлеу;
  • Компания қызметiнiң әртүрлi бағыттары бойынша мемлекеттiк органдардың сұраулары бойынша ақпарат беру;
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келiсiмдерге қол қою;
  • Компанияның ЕТҰ менеджментiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiн тыңдау;
  • Бизнес-жоспарды, өндiрiстiк, инвестициялық және әлеуметтiк жоспарларды орындау, қызметтiң түйiндi көрсеткiштерiне қол жеткiзу және Компанияға жiберiлетiн басқа да өзектi мәселелер бойынша ақпарат/есептер;
  • Қызметтiң нысаналы көрсеткiштерiн және iшкi нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге қойылатын талаптарды тұрақты негiзде жеткiзу;
  • Аппараттық, өндiрiстiк және өзге де кеңестер, сауалнамалар жүргiзу;
  • Инструктаждар, оқыту және бiлiм беру;
  • Кері байланыс («жедел желі»), әлеуметтік желілер, корпоративішілік коммуникация арналары, Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
Толық ақпарат «Қызмет көрсеткіштері», «ESG аспектілерін басқару», «Корпоративтік басқару» бөлімдерінде берілген
Менеджмент және персонал
  • Жұмыспен қамту, қызметкерлер мен басшылықтың өзара қарым-қатынасы, кемсiтушiлiкке жол бермеу, әртүрлі және тең мүмкіндіктер, қызметкерлердiң жұмысқа, сондай-ақ Компанияның оның бақылауындағы қызметтерінің жұмысына қанағаттану деңгейi;
  • Оқыту және бiлiм беру;
  • Өндiрiс қауiпсiздiгi мәдениетiнiң деңгейiн арттыру.
  • Персонал сыйақысының әділ және ашық жағдайлары, қызметкерлердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайлары;
  • Кадрлық әлеуетті дамыту;
  • Өндірістік қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар және еңбек жағдайларын жақсарту бағдарламаларын іске асыру;
  • Персоналды және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру;
  • Персоналдың біліктілігін арттыру, оқыту және дамыту бағдарламалары;
  • Басшылықпен тұрақты кездесулер, ұйыммен, ЕТҰ өкілдерімен, кәсіптік одақпен, оның ішінде жыл қорытындылары бойынша келіссөздер/жиналыстар өткізу;
  • Қызметкерлерді Компанияның қызметі, корпоративтік сайттар, әлеуметтік желілер арқылы кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы хабардар ету;
  • «Жедел желі» персоналдың тартылу көрсеткіштеріне, корпоративішілік коммуникация арналарына, Компанияның интернет-ресурсына сауалнама, сауалнамалар, тестілеу, жыл сайынғы мониторинг жүргізу.
Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару» бөлімінде берілген
Кәсіптік одақтар
  • Жұмыс орындарын құру және сақтау;
  • Өндiрiс қауiпсiздiгi мәдениетiнiң деңгейiн арттыру.
  • Қоғамдық тыңдауларды жүргізу;
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келiсiмдерге қол қою;
  • Басшылықпен тұрақты кездесулер, ұйымдардың, ЕТҰ өкiлдерiнiң келiссөздерi/жиналыстары, жыл қорытындылары бойынша есеп;
  • Компания қызметкерлерімен еңбек қатынастарын реттеу;
  • ҚР еңбек заңнамасына сәйкес персоналдың еңбегіне ақы төлеу, оқыту және бiлiм беру, қауiпсiз еңбек жағдайлары;
  • ЕТҰ-ның ағымдағы қызметi туралы хабарлау;
  • Компанияның хаттарын (өтініштерін) қабылдау;
  • «Жедел желi», әлеуметтік желiлер, корпоративішілік коммуникация арналары;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару» бөлімінде берілген
Сыртқы
Мемлекеттік органдар
  • Талаптарға сәйкестiгi, бизнестiң тұрақтылығы мен орнықтылығы, салықтық түсiмдер, экономикалық өсу;
  • Жұмыс орындарын құру және сақтау;
  • Халықаралық аренада елдiң экономикалық мүдделерiн бiлдiру (яғни экономикалық, саяси және имидждiк пайдалар);
  • Өндiрiстiң энергия және ресурс тиiмдiлiгi деңгейiн арттыру, халықтың денсаулығын қамтамасыз ету және биоалуантүрлiлiктi сақтау үшiн қоршаған табиғи ортаны сақтау, қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.
  • Компанияның ЕТҰ лицензиялық-келiсiмшарттық мiндеттемелерiнiң орындалуын тексеру;
  • ҚР заңнамасының сақталуын тексеру, ҚР заңнамасына өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныстар әзiрлеу;
  • Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған мемлекеттiк тiркеу актiсiн келiсу;
  • Сұрау салуларға сәйкес ҚР өндiрiстiк, инвестициялық және әлеуметтiк жоспарлар мен мiндеттемелердi орындау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ақпарат/есептiлiк (қаржылық, қаржылық емес);
  • Кеңесiстер, iскерлiк хат алмасу, аппараттық, өндiрiстiк, жедел және өзге де кеңестер, сауалнамалар жүргiзу;
  • Медиа-жоспарды қалыптастыру/Қоғам қызметi туралы ақпаратты жариялау;
  • «Жедел желi»;
  • Компанияның жылдық есебi және интернет-ресурсы.
Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару», «Корпоративтік басқару» бөлімдерінде берілген
Тұтынушылар
  • Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу;
  • Өнiмдер мен қызмет сапасы;
  • Маркетингтiк коммуникациялар.
  • Тұтынушылармен керi байланыс жүйесi;
  • Кездесулер, келiссөздер өткiзу, сауалнама жүргiзу;
  • Медиа-жоспарды қалыптастыру/Қоғам қызметi туралы ақпаратты жариялау;
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келiсiмдерге қол қою;
  • «Жедел желi»; Компанияның жылдық есебi және интернет-ресурсы.
Толық ақпарат «Стратегиялық есеп» бөлімінде берілген
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер
  • Конкурстарға қатысуға тең қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
  • Инвестициялық және сатып алу практикалары/Сатып алу санаттық стратегияларын iске асыру қорытындылары бойынша пайда;
  • Жеткiзу желiсiнiң тиiмдiлiгi және құн жасау тiзбегi;
  • Отандық тауар өндiрушiнi қолдау.
  • Баға ұсыныстарын сұрату;
  • Тұрақты талдамалық кездесулер, келiссөздер өткiзу, iскерлiк хат алмасу;
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келiсiмдерге қол қою, лицензиялау;
  • Компанияға жiберiлетiн өндiрiстiк, инвестициялық және әлеуметтiк жоспарларды орындауы бойынша ақпарат/есептiлiк;
  • Компанияның қаржы-шаруашылық қызметiнiң қорытындылары бойынша есептiлiк;
  • Компанияға жолданған хаттарды (өтiнiштердi) қарау;
  • Сауалнамалар, пiкiртерiмдер, тестiлеу жүргiзу;
  • «Жедел желi»;
  • Компанияның жылдық есебi және интернет-ресурсы.
Толық ақпарат «Қызмет көрсеткіштері», «ESG аспектілерін басқару» бөлімдерінде берілген
Бизнес-қоғамдастықтар (Қауымдастықтар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ЗТБ)
  • Салалық стандарттарды жетілдіруге және сақтауға қатысу;
  • Бизнес ортаны жетілдіруге қатысу;
  • Бизнес-ортаның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері арқылы мемлекеттік органдарды қолдау көрсет, Компанияның заңнамалық бастамаларын ілгерілетуге жәрдемдесу.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу;
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;
  • Тұрақты талдамалық кездесулер, келіссөздер өткізу, іскерлік хат алмасу;
  • Жұмыс топтарын құру, кеңестер, келіссөздер өткізу, сауалнама жүргізу;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
Толық ақпарат «Стратегиялық есеп», «Қызмет көрсеткіштері» бөлімдерінде берілген
Қоғамдық ұйымдар және жергілікті халық
  • Өндiрiс қауiпсiздiгi мәдениетiнiң деңгейiн арттыру;
  • Өндiрiстiң энергия және ресурс тиiмдiлiгi деңгейiн арттыру;
  • Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту;
  • Қоршаған ортаға әсерді бағалау шеңберінде қоршаған ортаның қорғалуы мәселелері
    • атмосфералық ауа;
    • жер үстi және жер асты сулары;
    • су қоймалары түбiнiң бетi;
    • ландшафтар;
    • жер және топырақ жамылғысы;
    • өсiмдiктер әлемi;
    • жануарлар әлемi;
    • экологиялық жүйелердің және экожүйелік қызметтердің жай-күйі;
    • биоалуантүрлiлiк;
    • халықтың денсаулық жағдайы мен өмiр сүру жағдайлары;
    • экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды объектiлер.
  • Заңнамалық талаптарға сәйкестігі, демеушілік және өзге де көмек;
  • Жұмысқа орналасу мүмкіндігі, әлеуметтік проблемаларды шешу, Компания қызметінің ашықтығы, қоршаған табиғи ортаны сақтау.
  • Қоғамдық тыңдауларды жүргізу;
  • ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу;
  • Медиа-жоспарды қалыптастыру/Компанияның қызметі туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау;
  • Сауалнамалар, пікіртерімдер, тестілеу;
  • Компанияның және ЕТҰ-ның ағымдағы қызметі туралы хабарлау;
  • Компанияға жолданған хаттарды (өтініштерді) қарау;
  • «Жедел желі», әлеуметтік желілер;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару» бөлімінде берілген
Серіктестер
  • Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу;
  • Жобаларды бiрлесiп iске асыру;
  • Технологиялар, құзыреттер және инновациялар трансферті.
  • Компанияның ЕТҰ қатысушысы/акционері, бiрлескен консультативтік-кеңесші органдар ретіндегі шешімдері;
  • Бірлескен жұмыс топтарын ұйымдастыру, тексерулер жүргізу;
  • Кеңестер, келіссөздер, іскерлік хат алмасу, сауалнама жүргізу;
  • Ағымдағы қызмет туралы есептер;
  • ЕТҰ қызметі мәселелері бойынша хат алмасу;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
Толық ақпарат «Стратегиялық есеп», «Қызмет көрсеткіштері» бөлімдерінде берілген
Қаржы институттары
  • Экономикалық пайда/Шоғырландырылған таза пайда/Экономикалық нәтижелілік;
  • Дамуға және дивидендтерге арналған бос қаражат.
  • Қолданыстағы кредиттік келісімдердің талаптарына сәйкес Қоғам туралы есептерді/ақпаратты ұсыну;
  • ҚР заңнамасының талаптарына, Жалғыз акционердiң iшкi нормативтiк актiлерiне, тиiстi сұрауларға сәйкес есептiлiктi (қаржылық, қаржылық емес) ұсыну;
  • Медиа-жоспарды қалыптастыру/Компанияның қызметі туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
Толық ақпарат «Стратегиялық есеп», «Қызмет көрсеткіштері» бөлімдерінде берілген
Халықаралық ұйымдар
  • Компанияның халықаралық келісімдерге, бастамаларға қатысуы.
  • Конференциялар, форумдар, жыл сайынғы кездесулер;
  • Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;
  • Жұмыс топтарын құру, кеңестер, келіссөздер өткізу, сауалнама жүргізу;
  • Компанияның жылдық есебі және интернет-ресурсы.
Толық ақпарат «Стратегиялық есеп», «Қызмет көрсеткіштері» бөлімдерінде берілген
Кредиторлар
  • Экономикалық пайда/Шоғырландырылған таза пайда/Экономикалық нәтижелілік;
  • Дамуға және дивидендтерге арналған бос қаражат;
  • Таза активтердiң (NAV) құны;
  • Инвестициялық және сатып алу практикалары/Сатып алу санаттық стратегияларын iске асыру қорытындылары бойынша пайда.
  • Тұрақты талдамалық кездесулер мен келiссөздер өткiзу, iскерлiк хат алмасу, сауалнама жүргiзу;
  • Медиа-жоспарды қалыптастыру/Компанияның қызметі туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау;
  • «Жедел желi»;
  • Компанияның жылдық есебi және интернет-ресурсы.
Толық ақпарат «Стратегиялық есеп», «Қызмет көрсеткіштері» бөлімдерінде берілген
Жергілікті атқарушы органдар
  • Талаптарға сәйкестiгi, жұмыс орындарын құру және сақтау, демеушiлiк және өзге де көмек;
  • Персоналдың еңбегi мен денсаулығын қорғау;
  • Өндiрiстiң энергия және ресурс тиiмдiлiгi деңгейiн арттыру, қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.
  • Өңiрлердiң әлеуметтiк саласын қолдау және дамыту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық;
  • Волонтерлік және қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және өткiзу;
  • «Жедел желi», әлеуметтік желiлер;
  • Компанияның жылдық есебi және интернет-ресурсы.
Толық ақпарат «Стратегиялық есеп», «Қызмет көрсеткіштері» бөлімдерінде берілген
БАҚ
  • Талаптарға сәйкестiгi, жұмыс орындарын құру және сақтау, өндiрiс қауiпсiздiгiнiң мәдениетi;
  • Экономикалық пайда және нәтижелiлiк;
  • Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу;
  • Өндiрiстiң энергия және ресурс тиiмдiлiгi деңгейiн арттыру;
  • Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.
  • Баспасөз конференцияларын өткiзу, баспасөз релиздерiн беру;
  • Медиа-жоспарды қалыптастыру/Компания қызметi туралы ақпаратты жариялау;
  • «Жедел желi», әлеуметтік желiлер;
  • Компанияның жылдық есебi және интернет-ресурсы.
Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару» бөлімінде берілген

2024 кейстері

Еншілес және тәуелді ұйымдар

2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы ЕТҰ өндірістік нысандарына бірқатар жұмыс сапарларын өткізді. Сонымен қатар, барлық ЕТҰ-да компания басшылығының, Омбудсменнің, кәсіподақтар мен еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуымен есептік жиналыстар өтті, онда әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелері талқыланды.

Өзара іс-қимыл аясында 2024 жылы ЕТҰ-ның 2023 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша жалпы кеңес өткізілді. Бұған қосымша ЕТҰ жұмысының нәтижелері қаралған 18 ҚЖжБК отырысы өтті.

Компания басшылығы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «ЕМАЭС-1» ЖШС, «ЕСМАЭС-2» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Мойнақ СЭС» АҚ, «АлЭС» АҚ және басқа да түйінді кәсіпорындарында болды.

Менеджмент және персонал

2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында корпоративтік мәдениетті нығайтуға және қызметкерлердің тартылуына бағытталған көптеген іс-шаралар өтті. Қызметкерлер мемлекеттік және кәсіби мерекелерге, спорттық жарыстарға («Самұрық- Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы спартакиада) және гендерлік алуан түрлілікті ілгерілету форумына қатысты. Сондай-ақ, компаниялар тобының ІІІ жастар форумы өтті.

Әкімшілік лауазымдарға бос орындар туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру үшін 2024 жылы ішкі корпоративтік порталда қызметкерлерді электрондық пошта арқылы хабардар ету арқылы ақпарат орналастырылды. Портал өзекті бос орындарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін QSamruk.kz онлайн-рекрутингінің бірыңғай платформасымен біріктірілген.

Тоқсан сайын «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы» ТМ компаниялар тобындағы әлеуметтік тұрақтылыққа зерттеу жүргізді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша оң динамика байқалды:

  • «Самұрық-Энерго» АҚ бойынша SRS индексі 17% -ға артты
  • Тартылу индексі 16% -ға өсті
  • Әлеуметтік әл-ауқат индексі 35% -ға артты
  • Әлеуметтік тыныштық индексі 15% -ға артты

Зерттеу нәтижелері қызметкерлердің сенімінің артқанын және компаниядағы әлеуметтік жағдайлардың жақсарғанын растайды.

Ұжыммен кері байланыс аясында 2024 жылғы 31 қаңтарда «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының корпоративтік орталық қызметкерлерімен есептік кездесуі өтті, онда 2023 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2024 жылға арналған жоспарлар ұсынылды.

Қоғамдық ұйымдар және жергілікті халық

2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындары негізгі экологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді.

«АлЭС» АҚ Алматы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 жаңғырту жобаларын, шығарындылар мен қалдықтарды басқару нормативтерін талқылауды ұйымдастырды. «СЭМАЭС-2» АҚ станцияны кеңейту және қайта құру жобасын ұсынды. «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС салқындатқыш тоғанын қайта жаңғырту және шығарындыларды азайту қондырғыларын жаңғырту бойынша тыңдаулар өткізді. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясы тарифтерінің алдағы өзгерісін талқылады.

Тыңдаулар жергілікті тұрғындардың, мемлекеттік органдардың және сарапшылардың қатысуымен өткізілді.

БАҚ

2024 жылға БАҚ-пен өзара іс-қимыл бірнеше негізгі бағытты қамтыды. Олардың арасында «Самұрық- Энерго» АҚ өткен жылғы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу және келісімдер мен шарттарға қол қою туралы баяндалды. Сондай-ақ, компанияның ESG-бастамаларын жариялауға көп көңіл бөлінді.

БАҚ-пен жұмыс «Самұрық-Энерго» АҚ және еншілес ұйымдардың қызметі туралы баспасөз хабарламаларын дайындау мен таратуды, сондай- ақ «SK news» корпоративтік басылымында жарияланымдарды қамтыды. Ақпараттық материалдарды компанияның ресми сайтында және Telegram, Instagram және Facebook сияқты әлеуметтік желілерде орналастыру маңызды бөлік болды.

Компания сондай-ақ КВН финалдық турын, Спартакиаданы, Әйелдер және Жастар форумдарын қоса алғанда, түрлі корпоративтік, спорттық және мәдени іс-шараларды өткізуді белсенді жариялады. Бағыттардың бірі «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған қайырымдылық жүгіру және IX Спартакиада сияқты спорттық және мәдени іс- шараларға компания қызметкерлерінің қатысуын ақпараттық сүйемелдеу болды.

Бұдан басқа, компания басшылықтың энергетикалық нысандарға жұмыс сапарларын ақпараттық қолдауды, сондай-ақ қызметкерлердің республикалық және халықаралық форумдар мен конференцияларға қатысуын қамтамасыз етті. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында іс- шаралар ұйымдастырылып, бірнеше тақырыптық бейнероликтер жасалды.

Компанияның қызметі туралы таныстырылымдық бейнематериалдар жасау, сондай-ақ балалар суреттері байқауы және қызметкерлер арасында «Үздік өндіріс маманы» байқауы сияқты түрлі конкурстарды ақпараттық сүйемелдеу маңызды бағыт болды. Баспасөз қызметі сондай-ақ БАҚ сұраныстары мен өтініштеріне жедел жауап берді, БАҚ және әлеуметтік желілерде компания туралы материалдар мен ескертулерге мониторинг жүргізді, сондай-ақ ресми сайттағы ақпаратты өзектілендірді.

Компанияның баспасөз қызметі «24 KZ», «Qazaqstan», «КТК», «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» газеттері және tengrinews.kz, zakon.kz, nur.kz интернет-порталдары және басқалары сияқты жетекші республикалық және өңірлік БАҚ-та жарияланған 85 материалды дайындады. Сондай-ақ, журналистерге арналған 21 сұхбат, 5 брифинг және 6 баспасөз туры ұйымдастырылды.

Компанияның ресми сайтында негізгі оқиғалар туралы 126 материал орналастырылды, ал әлеуметтік желілерде 705 жариялым, инфографика және бейнематериал жарияланды. Бір жыл ішінде Компанияның Telegram-арнасында жазылушылар саны 500-ден 7 мыңға дейін, ал Instagram-да - 7,1 мыңнан 8,7 мыңға дейін өсті, бұл аудиторияның тартылуына ықпал етті.

Негізгі серіктестіктер

GRI 2-28
Міндеттемелер мен іс-әрекетке шақыру
Біз неге қол жеткізгіміз келеді
  • БҰҰ-ның жаһандық шарты
  • БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары
  • БҰҰ әйелдері
Есеп беру
Біз жетістіктеріміз туралы қалай хабарлаймыз
  • GRI
  • TCFD
  • <IR>
  • Қазақстан қор биржасы (KASE)
  • Astana International Exchange биржасы (AIX)
Мүшелік және ынтымақтастық
Біз міндеттемелерімізді орындау үшін кіммен ынтымақтасамыз
  • KAZENERGY қауымдастығы
  • Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы (ҚЭҚ)
  • ТМД Электр энергетикалық кеңесі (ТМД ЭЭК)
  • Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҚР ҰКП)
  • «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ
  • ECOJER қауымдастығы
  • «PARYZ» ҚР жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясы
  • БҰҰ-ның жаһандық шарты
  • Carbon Disclosure Project (CDP)
Бағалаулар мен рейтингтер
Біздің қызметімізді сыртқы бағалау
  • Fitch Ratings
  • Sustainable Fitch
  • PWC Kazakhstan
  • RAEX