БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

Басқарма Төрағасы
Құрметті серіктестер, инвесторлар мен әріптестер!
Біздің «Самұрық-Энерго» АҚ-дағы мұратымыз – елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ре- сурстарды тұрақты дамыту және тиімді басқару қағи- даттарын ұстана отырып, энергияның жедел өтуіне ықпал ету. 2024 жылы біз осы бағыттарда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткіздік.
2024 жыл «Самұрық-Энерго» АҚ үшін тұрақты өсу, стра- тегиялық шешімдер мен маңызды жетістіктер жылы болды. Біз қаржы-экономикалық дамуда да, ESG-күн тәртібінде де айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізіп, Қазақстанның энергетика саласының көшбасшыла- рының бірі мәртебесімізді растай отырып, бірқатар сын-қатерлерден сеніммен өттік.
Жыл операциялық көрсеткіштер тұрғысынан да, қаржы тұрғысынан да табысты болды. Біз 112,5 млрд теңге көлемінде рекордтық таза табысқа қол жеткіздік, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе жоғары. Компа- ния АХҚО биржасында облигацияларды сәтті шығарды және кэш-пулингті енгізді, бұл өтімділікті басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Инвестициялық қызметте де прогресс маңызды бол- ды, оның орталығында – жаңартылатын энергия көз- дері саласындағы жобалар. 2024 жылдың қорытын- дысы бойынша біздің компаниялар тобындағы электр энергиясын жалпы өндірудегі ЖЭК үлесі 7,7% -ға өсті.
Біз Екібастұз МАЭС-1 № 1 энергия блогын іске қостық – станция 30 жыл ішінде алғаш рет толық қуатына жет- ті. Сондай-ақ, Қазақстанның оңтүстігіндегі маневрлік қуаттардың тапшылығын ішінара жабу және қала мен өңірдің тұрақты энергиямен жабдықталуын қамтама- сыз ету үшін Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 қайта құру басталды.
Біз жаңа қуаттарды салу жобалары бойынша, оның ішінде ЖЭК саласында халықаралық серіктестермен бірқатар стратегиялық маңызды келісімдерге қол қойдық. Директорлар кеңесі Инвестициялық жобалар қоржынын бекітті, оларды іске асыру жалпы белгілен- ген қуатын 16,4 ГВт-қа ұлғайтады.
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің Даму стратеги- ясын жаңартты, онда «жасыл» күн тәртібі басымдыққа ие болды.
Энергия үнемдеу – тұрақты дамудың негізгі факторла- рының бірі және біз осы бағытта қандай нәтижелерге қол жеткізгенімізді мақтан тұтамыз. Энергетикалық тиімділікті арттыруға және ресурстарды ұтымды пай- далануға бағытталған барлығы 67 іс-шара орындалды. Бұл 1,2 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүм- кіндік берді. Бұл нәтижелер командалық жұмыстың, жаңа технологиялардың және тиімділіктің тұрақты мо- ниторингінің арқасында мүмкін болды. Біз қол жеткіз- ген жетістіктерге тоқталмақпыз және энергияны тұты- нуды одан әрі жауапкершілікке айналдыру үшін жаңа бастамалармен жұмыс істеп жатырмыз.
Біздің жетістіктеріміз «Самұрық-Энерго» АҚ дамуымен күнделікті жұмыс істейтін 18 000-нан астам қызмет- кердің арқасында мүмкін болды. Біз қызметкерлерді еңбектеріне негізделген мансаптық өсуді ынталандыра отырып, оқыту мен таланттарды дамытуға үнемі көңіл бөлеміз. Тағы бір маңызды элемент «Самұрық-Энерго» АҚ экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайда әкелетін тұрақты жеткізілімдер тізбегін құру мақсатын бөлісетін біздің жеткізушілеріміз болып табылады.
Біз сондай-ақ жұмыс орындарындағы қауіпсіздік мәсе- лелерін ұдайы қадағалап отырамыз: қауіпсіздік – бұл тек корпоративтік мақсат қана емес, сонымен қатар Компания, қызметкерлер мен жеткізушілер бөлісетін жалпы жауапкершілік.
«Самұрық-Энерго» АҚ қазіргі заманғы технологиялар- ды барлық негізгі үдерістерге енгізе отырып, цифрлық трансформация жолымен сенімді жүріп келеді. Біз нақты уақыт режимінде компаниялар тобы бойынша негізгі өндірістік және экономикалық көрсеткіштердің мониторингін қамтамасыз ететін Ахуалдық орталықты іске қостық. Сондай-ақ HR-процестер, комплаенс, IT-қы- зметтер, сондай-ақ ESG және HSE бойынша деректер жинау автоматтандырылды. Төлемдерді басқару және «Электрондық мұрағат» бойынша жобалар іске асы- рылды, бұл құжат айналымын жеңілдетіп, жұмыстың жеделдігін арттырды.
Әрине, бізге сын-қатерлерге де тап болуға тура кел- ді. Инфрақұрылымның тозуы, маневрлік қуаттардың тапшылығы, қатаң экологиялық талаптар – мұның бәрі тез әрі ойластырылған шешімдерді талап етті. Біз бұл сын-қатерлерге жаңғыртудың ауқымды бағдарлама- сымен және көміртегі ізін азайтуға және халықаралық стандарттарға сәйкестікке бағытталған жаңартылатын энергетиканың белсенді дамуымен жауап бердік.
Мен «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының барлық қызметкерлері мен серіктестеріне біздің ортақ мақсат- тарымызға адалдығы үшін алғысымды білдіремін. Біз 2025 жылға өз күшімізге деген берік сеніммен және Қазақстан энергетикасының болашағы үшін жоғары жауапкершілікпен кірісеміз. Біз біздің стратегиямызды жүзеге асыруды жалғастырып, акционерлер, серікте- стер және барлық мүдделі тараптар үшін – бүгін және болашақта құндылық жасайтын боламыз.