ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

Құрметті акционерлер!
Сіздердің назарларыңызға «Самұрық-Энерго» АҚ- ның 2024 қаржы жылындағы жылдық есебін ұсынуға қуаныштымын. Бұл құжат біздің қаржылық және операциялық нәтижелерімізді ғана емес, Компания-ның тұрақты дамуға, тиімділікті арттыруға және қоғамдық құндылықты арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиясын іске асырудағы прогресті көрсетеді.
Бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші және таратушы активтердің әртараптандырылған портфелінің арқасында одан әрі дамыту үшін стратегиялық тұрғыдан тиімді позицияны ұстанып отыр. Біз экологиялық таза және инновациялық энергия көздеріне белсенді инвестиция отырып, елді электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуге назар аударамыз. Мұндай тәсіл сыртқы сын- қатерлерге тиімді ден қоюға және бір мезгілде ұзақ мерзімді әлеуметтік және экономикалық құндылық құруға мүмкіндік береді.
2024 жыл ішінде өндірістік нысандарға жеке барып, қызметкерлермен, серіктестермен және мүдделі тараптармен кездесуге мүмкіндік алдым. Бұл кездесулер біздің стратегиялық басымдықтарымыздың: энергия қауіпсіздігі, тиімділік, энергия өткізу және тұрақты даму өзектілігін растады.
«Самұрық-Энерго» АҚ мықты қаржылық нәтижелер көрсетті. 2024 жылдың шілдесінде Компания топ үшін 2023 жылға рекордтық дивидендтер төлеуді жүзеге асырды – 24,8 млрд теңге жалғыз акционердің пайдасына, сол арқылы өзінің бизнес-моделінің табыстылығы мен тұрақтылығын растады.
Тұрақты даму саласындағы жетістіктерді ерекше атап өтпекпін. Біз ЖЭК-ті декарбонизациялау мен дамытуды қамтитын 2060 жылға дейінгі энергетикалық өту бағдарламасын дәйекті түрде іске асырудамыз. 2030 жылға қарай Компания көміртегі ізін 40% -ға қысқартуды жоспарлап отыр. Стратегиялық серіктестіктер, активтерді жаңғырту және корпоративтік басқарудың жоғары деңгейі бізге осы мақсатқа сенімді қадам басуға мүмкіндік береді.
2024 жылы Компания «А+» рекордтық бағасына ие бола отырып, PwC Kazakhstan рейтингінде 98 қазақстандық компаниялардың арасында ESG- ақпаратты ашу бойынша бірінші орынды иеленді.
Гендерлік өкілдіктің мәселелеріне баса назар аударылды: Компания Директорлар кеңесі мен атқарушы органдардағы әйелдердің үлесін 30% -ға дейін жеткізуді мақсат етіп, инклюзивтілік пен халықаралық басқару стандарттарын ұстанатынын көрсетті .
Директорлар кеңесі 2024 жылы Басқарманы қуаттарды жаңғырту, ЖЭК дамыту, ESG-қағидаттарды енгізу және қауіпсіздік мәдениетін күшейту сияқты негізгі бастамаларды іске асыруда белсенді қолдады. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Корпоративтік басқару біздің назарымызда қалып отыр. 2024 жылы Директорлар кеңесі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның үздік халықаралық тәжірибелері мен талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етті. Тәуелсіз директорлардың рөлін нығайту шешім қабылдау кезінде бақылауды, ашықтықты және объективтілікті күшейтуде маңызды қадам болды.
«Самұрық-Энерго» АҚ өзінің стратегиялық мақсатына – Орталық Азиядағы орнықты және инновациялық энергетиканың көшбасшысы болуға сенімді түрде қадам басуда. Таяу жылдары біз ЖЭК саласындағы ірі жобаларды іске асыруға, цифрландыру мен зияткерлік желілерді дамытуға күш саламыз, сондай-ақ Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу стратегиясы шеңберінде төмен көміртекті экономикаға көшуді жалғастырамыз.
Компанияның барлық қызметкерлеріне алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесі үшін, Басқарма – тиімді басқарғаны үшін, ал акционерлерге – өзгеріссіз сенім мен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Біздің бірлескен жұмысымыз бүкіл ел үшін тұрақты нәтижелер мен пайда әкелуді жалғастыратынына сенімдімін.