Бағалы қағаздар
Акционерлік капитал
Компания қызметінің қорытындысы бойынша 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жарияланған бағалы қағаздар саны 8, 602, 187 данаға жетті, оның ішінде жария етілгендер – 6, 952, 267 дана.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шығарылған 6,952,267 жай акция 507,435,225 мың теңге мөлшерінде толық төленді (2023 жылғы 31 желтоқсан: 6,311,967 акция 443,567,998 мың теңге мөлшерінде). Әрбір жай акция бір дауыс беру құқығын береді. Компанияның артықшылықты акциялары жоқ. Жарияланған акциялар саны 8,602,187 (2023 жылғы 31 желтоқсан: 8,602,187 акция). 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Самұрық- Қазына» АҚ Компанияның 100% акционері болып табылады (2023 жыл: 100%).
Акцияға шаққандағы базалық пайда «Самұрық- Энерго» АҚ Компаниялар тобы акционерлерінің үлесіне келетін пайданың жыл ішінде айналыстағы жай акциялардың орташа өлшенген санына қатынасы ретінде есептеледі.
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында жай акцияларды ажыратылған әлеуетті жай акциялар жоқ, сондықтан акцияға шаққандағы ажыратылған пайда акцияға шаққандағы базалық пайдаға сәйкес келеді.
Акцияға шаққандағы пайда, мың, теңге
Көрсеткіш | 2024 | 2023 |
---|---|---|
Топ акционерлеріне тиесілі бір жылдағы пайда (мың қ азақстандық теңгемен) | 112,507,839 | 56,734,968 |
Айналыстағы жай акциялардың орташа өлшенген саны, дана | 6,736,618 | 5,849,608 |
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының акционерлеріне тиесілі акцияға шаққандағы пайда (теңгеге дейін дөңгелектеумен) | 16,701 | 9,699 |
«Қазақстан қор биржасы» АҚ (ҚҚБ) Биржалық кеңесінің 2010 жылғы 4 қазандағы шешіміне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікте ҚҚБ бекіткен қағидаларға сәйкес есептелген есепті күнге бір акцияның (жай және артықшылықты) теңгерімдік құны туралы деректер болуға тиіс.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ басшылығы шоғырландырылған қаржылық есептілік деректері негізінде есептеген бұл көрсеткіш 110,361 теңгені құрады (2023 жылғы 31 желтоқсан: 109,006 теңге).
Бір акцияның теңгерімдік құны, мың теңге
Көрсеткіш | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|
Барлық активтер | 965,846,026 | 1,147,518,441 | 1,414,286,399 |
Минус: материалдық емес активтер | (3,726,203) | (3,873,844) | (5,545,328) |
Минус: барлық міндеттемелер | (432,732,405) | (455,602,222) | (641,483,819) |
Қарапайым акцияларға арналған таза активтер | 529,387,418 | 688,042,375 | 767,257,252 |
31 желтоқсандағы жай акциялар саны | 5,632,537 | 6,311,967 | 6,952,267 |
Бір акцияның теңгерімдік құны, теңге | 93,987 | 109,006 | 110,361 |
Дивидендтік саясат
Біздің дивидендтік саясатымыз Жалғыз акционердің мүдделерін сақтау, ұзақ мерзімді құнды ұлғайту, дивидендтер мөлшерін анықтау механизмінің ашықтығы және Компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету принциптеріне негізделген.
Дивидендтер мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес жасалған жылдық аудиттелген қаржылық есептілікте көрсетілген Компанияның таза табысының сомасына сүйене отырып жүргізіледі.
Дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдау үшін Директорлар кеңесі Жалғыз акционердің қарауына ұйымның өткен қаржы жылындағы таза кірісін және бір жай акцияға шаққандағы бір жылдағы дивиденд мөлшерін бөлу туралы ұсыныстар береді.
Дивидендтер Жалғыз Акционердің шешімімен белгіленген мерзімде төленеді.
Дивидендтерді төлеу, мың теңге
Кезең | Сома |
---|---|
2024 ж. (2023 жылдың қорытындысы бойынша) | 24 815 868 |
2023 ж. (2022 жылдың қорытындысы бойынша) | 2 041 000 |
2022 ж. (2021 жылдың қорытындысы бойынша) | 2 041 000 |