Басқару органдары

АҚ «Самұрық-Энерго» акционері

«Самұрық-Энерго» АҚ акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» АҚ Жалғыз акционеріне тиесілі («Самұрық-Қазына» АҚ туралы толық ақпаратпен осы сілтеме бойынша танысуға болады http://www.sk.kz).

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынасы адалдыққа, есептілікке, жауапкершілік пен ашықтыққа негізделген және оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және құрметтеуді қамтамасыз етуден тұрады.

Жалғыз акционер қызметтің басым міндеттері мен стратегиялық бағыттарын белгілеу арқылы Компанияны басқаруды қамтамасыз етеді. Жалғыз акционердің қызметі, айрықша құзыреттері, құқықтары мен міндеттері Жарғымен реттеледі. Біз ұзақ мерзімді құнның өсуін және қызметтің тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, Жалғыз акционердің мүдделерін сақтауға тырысамыз.

Жалғыз акционердің құқықтарын іске асыру «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Самұрық- Энерго» АҚ Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Акционерлердің құқықтары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында, Жарғыда және Компанияның ақпаратты ашу саласындағы ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен шешім қабылдау үшін жеткілікті ақпаратты уақтылы алу;
  • Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша дауыс беру;
  • Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындауға, оның мүшелерін сайлауға және олардың өкілеттіктерін тоқтатуға, сондай- ақ сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын айқындауға қатысу;
  • Айқын және ашық дивидендтік саясат негізінде дивидендтер алу.

Есепті кезеңде Жалғыз акционер негізгі мәселелерді қарады:

  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін, «Самұрық-Энерго» АҚ- ның 2022 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бір жай акциясына есептегендегі дивидендтер мөлшерін бекіту туралы, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Жалғыз акционерінің «Самұрық-Энерго» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттері және оларды 2023 жылы қарау қорытындыларына қатысты өтініштері туралы ақпарат қаралды;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2025-2029 жылдарға қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды айқындау және оның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі

GRI 2-9

Директорлар кеңесі тұрақты даму қағидаттары негізінде барлық стейкхолдерлердің мүдделерін ескере отырып, салмақты шешімдер қабылдау арқылы Компанияға стратегиялық басшылық пен қызметтің ұзақ мерзімді тиімділігін қамтамасыз етеді. Компания Директорлар кеңесі мен атқарушы органның Компания мүддесі үшін әрекет ете отырып, ынтымақтастық рухында өзара әрекеттесуге және тұрақты даму қағидаттары мен Жалғыз акционерге әділ көзқарас негізінде шешімдер қабылдауына ұмтылады.

Директорлар кеңесі Компанияны басқару және атқарушы органның қызметін бақылау үшін қажетті өкілеттіктерге ие. Жарғыға сәйкес ол негізгі мәселелерге ерекше назар аударады:

  • ESG мақсаттарын дамыту және интеграциялау Стратегиясын анықтау;
  • Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін қою және мониторингілеу;
  • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру және қадағалау;
  • Ірі инвестициялық және стратегиялық жобалардың іске асырылуын бекіту және бақылау
  • Компания басшылығының жұмысын таңдау, марапаттау және бағалау;
  • Корпоративтік басқару және әдеп;
  • Корпоративтік басқару Кодексінің және Компанияның ішкі стандарттарының нормаларын сақтау.

Директорлар кеңесінің мүшелері өз қызметінде мынадай қағидаттарды ұстанады:

  • Компанияның Жарғысына сәйкес өз өкілеттіктері шегінде әрекет ету.
  • Отырыстарға және оларға дайындалуға жеткілікті уақыт бөлу. Төрт директорлар кеңесіне қатысуға және олардың ең көбі екеуіне төрағалық етуге (Директорлар кеңесінің мақұлдауы болған кезде) жол беріледі.
  • Шешімдердің қоғамға, қоршаған ортаға, беделге және мүдделі тараптарға әсерін ескере отырып, Компанияның ұзақ мерзімді құны мен тұрақты дамуына ықпал ету.
  • Іскерлік әдептің жоғары стандарттарын сақтау және қызметкерлерге үлгі болу.
  • Мүдделер қақтығысынан аулақ болу және жеке қызығушылық объективтілікке әсер етуі мүмкін пікірталастарға қатыспау.
  • Корпоративтік басқару, қаржы, тәуекелдер және тұрақты даму мәселелерінде өз біліктілігін үнемі арттыра отырып, сондай-ақ негізгі объектілерге бару және қызметкерлермен өзара іс-қимыл жасай отырып, ақылмен және сақтықпен әрекет ету.

2024 жылы Компанияның Директорлар кеңесінің құрамы жеті мүшеден тұрды, оның ішінде үш тәуелсіз директор - қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит, инженерия, стратегиялық басқару, энергетика, оның ішінде жасыл энергетиканы дамыту, ESG саласында айтарлықтай тәжірибесі бар А. Қашқынбеков, А. Жұбаев, В. Огай болды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің қазіргі құрамы салалық тәжірибе, дағдылар, халықаралық байланыстар және тәуелсіздік тұрғысынан теңдестірілген, алайда гендерлік құрамдас бойынша әртүрлілікті қамтамасыз етпейді.

2025 жылы Директорлар кеңесінде әйелдердің үлесі
14%-ға
жетті және Компания олардың басқарушы органдағы өкілдігін одан әрі арттыруға ұмтылуды жалғастыруда

Директорлар кеңесінің мүшелері Компанияның акцияларына (Компанияға қатысу үлестеріне), аффилиирленген компанияларға иелік етпейді, сондай- ақ Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Таңдау және қайта сайлау саясаты
GRI 2-9, 2-10

Компанияның Жарғысы мен Директорлар кеңесі туралы ереже Директорлар кеңесінің қызмет тәртібі мен құзыретін, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Үміткерлерді қалыптастыру, іздеу және іріктеу процесі Директорлар Кеңесінің барлық құрамының және жеке мүшелердің өкілеттіктерінің толық мерзімі аяқталғанға дейін жүргізіледі.

Жалғыз акционер Директорлар кеңесінің мүшелерін құзыреттерін, дағдыларын, жетістіктерін, іскерлік беделін, үміткерлердің кәсіби тәжірибесін, сипаттамалары мен гендерлік құрамын ескере отырып, айқын және ашық рәсімдер негізінде сайлайды. Директорлар кеңесінің жекелеген мүшелерін немесе оның толық құрамын жаңа мерзімге қайта сайлау кезінде олардың Компанияның Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігіне қосқан үлесі назарға алынады.

Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде назарға алынатындар:

  • Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;
  • Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;
  • Жұмыс өтілі;
  • Білімі, халықаралық сертификаттарының болуы;
  • Бағыттар мен салалар бойынша құзыреттердің болуы;
  • Іскерлік бедел;
  • Мүдделер қақтығысының болмауы.

Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорлар сайланады. Тәуелсіз директор деп жекелеген акционерлердің, атқарушы органның және басқа да мүдделі тараптардың әсерінен бос тәуелсіз және объективті шешімдер қабылдау үшін жеткілікті кәсібилігі мен дербестігі бар адам танылады.

Тәуелсіз директорды сайлау кезінде тәуелсіз директордың тәуелсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін мынадай мән-жайлар қосымша назарға алынады:

  • Соңғы үш жыл ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ-да немесе Топта жұмыс істеу;
  • Компаниямен материалдық іскерлік қатынастардың болуы немесе жақында аяқталуы;
  • Қосымша сыйақы алу, опциондық бағдарламаға немесе корпоративтік зейнетақы схемасына қатысу;
  • Ықтимал мүдделер қақтығысын тудыратын басқа кеңестерге мүшелік;
  • Ірі акционердің өкілдігі;
  • Директорлар кеңесінің құрамында тоғыз жылдан астам болуы.

Құрамды сайлауға немесе жаңартуға Жалғыз акционер немесе Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі Комитет бастамашы бола алады.

Директорлар кеңесінің мүшелері қатарынан сайланады:

  • Акционерлер – жеке тұлғалар;
  • Акционерлердің мүдделерінің өкілдері ретінде Директорлар кеңесіне сайлауға ұсынылған тұлғалар;
  • Тәуелсіз үміткерлер.

Тәуелсіз директорлар негізгі комитеттерді басқарады (аудит, тағайындаулар және сыйақылар) және тәуелсіздіктің жоғалуы туралы уақтылы хабарлауға міндетті. Директорлар кеңесі мүшесінің тәуелсіздігіне әсер ететін мән-жайлар болған жағдайда, Директорлар кеңесінің төрағасы тиісті шешім қабылдау үшін осы ақпаратты дереу Жалғыз акционердің назарына жеткізеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның тәуелсіз директорлары тәуелсіздік критерийлеріне толық сәйкес келді.

Барлық дауыс беретін акциялары «Самұрық- Қазына» АҚ тиесілі компанияларда Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау процесіне қатысты ерекшеліктер бар:

  • Директорлар кеңесінің төрағасы Жалғыз Акционердің шешімімен сайланады;
  • Егер Директорлар кеңесінің төрағасы Қор өкілдерінің арасынан сайланса, Директорлар Кеңесі тәуелсіз директорлар арасынан Аға тәуелсіз директорды сайлайды;
  • Директорлар кеңесінің құрамына үміткерлерді іздеуді және іріктеуді Қор Директорлар кеңесінің төрағасымен және Компанияның Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі Комитетінің төрағасымен бірлесіп жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің мүшелері үш жылға дейінгі мерзімге сайланады, бұдан әрі қызметтің қанағаттанарлық нәтижелері болған жағдайда, тағы үш жылға дейінгі мерзімге қайта сайлануы мүмкін. Директорлар кеңесінің құрамына қатарынан алты жылдан астам мерзімге сайланудың кез келген мерзімі (екі үш жылдық мерзім) Директорлар кеңесінің құрамын сапалы жаңарту қажеттілігі ескеріле отырып, ерекше қаралуға тиіс. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі бүкіл Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне сәйкес келеді және акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы шешім қабылдаған кезде аяқталады.

Тәуелсіз директор Директорлар кеңесіне тоғыз жылдан астам уақыт қатарынан сайлана алмайды. Ерекше жағдайларда тоғыз жылдан астам мерзімге сайлауға жол беріледі. Директорлар кеңесіне тәуелсіз директорды сайлау жыл сайын Директорлар кеңесінің осы мүшесін сайлау қажеттілігі және осы фактордың шешім қабылдаудың тәуелсіздігіне әсері егжей- тегжейлі түсіндіріледі.

Ешбір тұлға өзінің тағайындалуына, сайлануына және қайта сайлануына байланысты шешімдер қабылдауға қатыспайды.

ESG қағидаттарын ілгерілетудегі Директорлар кеңесінің рөлі
GRI 2-12

Директорлар кеңесі тұрақты даму саясатын енгізеді және ESG саласындағы негізгі құжаттарды қарастырады. Директорлар кеңесі осы саладағы негізгі құжат болып табылатын тұрақты даму саласындағы Басшылықты бекітті, ол «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша тұрақты даму процестерін жүйелеуге бағытталған. Сондай-ақ, Компанияда Директорлар кеңесі тұрақты даму бастамаларының жоспарын бекітті, ол ESG барлық аспектілері бойынша негізгі тиімділік көрсеткіштерін анықтайды және Компанияның Даму стратегиясына сәйкес келеді. Директорлар кеңесі 2024 жылға арналған «Самұрық- Энерго» АҚ тұрақты дамуды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі Жол картасын бекітті, ол Компаниядағы ESG қызметін жетілдіруге және қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды қамтиды.

Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін бағалау
GRI 2-18

Директорлар Кеңесінің, оның Комитеттері мен мүшелерінің тиімділігі бекітілген процесс шеңберінде жыл сайын бағаланады. Бағалау өзін-өзі бағалау әдісімен немесе тәуелсіз кеңесшіні тарта отырып (кемінде үш жылда бір рет) жүргізіледі.

Бағалау Директорлар кеңесінің кәсібилігін арттыруға бағытталған және оның мүшелерін қайта сайлау немесе өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату кезінде ескеріледі. Негізгі мақсат – Кеңестің және оның комитеттерінің жұмыс сапасын арттыру, бұл Компанияның ұзақ мерзімді құны мен тұрақты дамуына ықпал етеді.

Бағалау мінеттері:

  • Кеңестің, оның Комитеттерінің, Төрағасының, мүшелерінің және корпоративтік хатшының жұмыс тиімділігін талдау.
  • Халықаралық стандарттармен салыстырғанда күшті және әлсіз жақтарын анықтау.
  • Жақсарту бағыттарын анықтау.
  • Қажет тәжірибе мен құзыреттерді ескере отырып, Кеңес құрамын оңтайландыру.

2024 жылы корпоративтік басқарудың үздік халықаралық тәжірибесіне сәйкес Компанияда 2023 жылдың қорытындысы бойынша Директорлар Кеңесінің қызметіне өзін-өзі бағалау жүргізілді. Өзін- өзі бағалауды Компанияның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің күштері Компанияның Директорлар Кеңесі бекіткен Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің қызметін бағалау әдістемесі негізінде, корпоративтік басқаруды диагностикалау әдістемесі, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы жетекші тәжірибе негізінде жүргізді.

Әдістемеге сәйкес бағалау технологиясы Директорлар кеңесінің барлық мүшелеріне және Директорлар кеңесі Комитеттеріне сауалнама жүргізуді қамтиды. Директорлар кеңесінің қызметін бағалау нәтижесінде корпоративтік басқару практикасын одан әрі дамыту бағыттары айқындалды. Жүргізілген бағалау қорытындысы бойынша Компанияның Директорлар кеңесі мен корпоративтік басқару қызметінің деңгейін арттыру мақсатында әлсіз жақтарын жоюға бағытталған практикалық іс-шаралар жоспары қалыптастырылды.

Бағалауға қатысқан Директорлар кеңесінің мүшелері:

  • Казутин Николай Юрьевич – Директорлар кеңесінің төрағасы, Жалғыз акционердің өкілі.
  • Огай Алексей Владимирович – Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі. Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі.
  • Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі. Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі, Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі.
  • Огай Валерий Дмитриевич – Аға тәуелсіз директор, Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы, Тағайындау және сыйақы комитетінің төрағасы, Аудит комитетінің мүшесі.
  • Қашқынбеков Арман Қайырберліұлы – Тәуелсіз директор, Стратегиялық комитеттің төрағасы, Аудит комитетінің, Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі.
  • Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – Тәуелсіз директор, Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы, Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің, Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі.
  • Мақсұтов Қайрат Берікұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қоғам Басқармасының төрағасы.

Директорлар кеңесі тиімділіктің негізгі критерийлеріне сәйкес келеді. Жалпы рейтинг- 6 (AA)/7 (AAA).

  • Компоненттер мен мақсаттар бойынша бағалау: 6,9 (2023 жылы 6,7).
  • Бөлімдер бойынша бағалау: 98% (2023 жылы 95,8%).

2025 жылы Кеңестің қызметін 2024 жылдың қорытындысы бойынша тәуелсіз бағалау жоспарлануда.

GRI 2-16

Директорлар кеңесін аса маңызды қаржылық және қаржылық емес проблемалар туралы хабардар ету рәсімі қолданыстағы заңнамаға және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес реттеледі. 2024 жылдың нәтижелері бойынша аталған жағдайлар болған жоқ.

Лауазымға кіріспе бағдарламасы

Компанияда 2016 жылдан бастап Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін лауазымға енгізу бағдарламасы жұмыс істейді, оны іске асыруды Корпоративтік хатшы қамтамасыз етеді. Бағдарлама аясында Кеңестің жаңа мүшелері өздерінің құқықтары мен міндеттерімен, Компания қызметінің негізгі аспектілерімен, сондай-ақ негізгі құжаттармен, соның ішінде ең үлкен тәуекелдерге қатысты құжаттармен танысады.

Директорлар кеңесі мүшелерін оқыту және дамыту
GRI 2-17

Корпоративтік басқарудың жоғары органының тұрақты даму және корпоративтік басқару мәселелері туралы хабардар болу деңгейін арттыру үшін есепті кезеңде мына тақырыпта семинарлар өткізілді:

  • Климаттың өзгеруі және энергетиканың даму перспективалары;
  • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау.
31.12.2024 жылғы жағдай бойынша Компанияның Директорлар кеңесінің құрамы
GRI 2-9, 405-1, GRI 12: Coal Sector: 12.19.6

Казутин Николай Юрьевич – Директорлар кеңесінің төрағасы, Жалғыз акционердің өкілі.

Огай Алексей Владимирович – Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі. Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі.

Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі. Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің мүшесі, Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеттің мүшесі.

Огай Валерий Дмитриевич – Аға тәуелсіз директор, Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің төрағасы, Аудит комитетінің мүшесі.

Қашқынбеков Арман Қайырберліұлы – Тәуелсіз директор, Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің төрағасы, Аудит комитетінің, Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің мүшесі.

Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – Тәуелсіз директор, Аудит комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің, Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің мүшесі.

Мақсұтов Қайрат Берікұлы – «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы.

Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер: Есеп 2025 жылғы 13 наурызда жарияланған сәтте «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№10/25 хаттама) тәуелсіз директор Огай Валерий Дмитриевичтің өкілеттігі тоқтатылды, ал жаңа тәуелсіз директор және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы тағайындалды.

Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы – бағалы қағаздар мен инвестициялық жобаларды басқару саласының сарапшысы, бұл Қоғамның ауқымды инвестициялық қызметі үшін ерекше өзекті.

Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны
7
Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелер
3
30-50 жас
57%
50 жыл немесе одан көп
43%
Ерлер
100%
Казутин Николай Юрьевич
Лауазымы

Директорлар кеңесінің төрағасы, Жалғыз акционердің өкілі

Стратегиялық және корпоративтік басқару, экономика, қаржы, құқықтану және аудит саласындағы сарапшы.

  • Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
  • Туған күні: 28 қараша 1982 жыл
  • Алғашқы сайланған күні: 18 ақпан 2022 жыл
  • Өкілеттік мерзімі: 23 маусым 2025 жыл
Білімі

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы

Жұмыс тәжірибесі
  • 2023 – «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу, қауіпсіздік және тәуекелдер жөніндегі Басқарушы директор
  • 2020 – Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі
  • 2018-2019 – Ішкі аудит қызметінің басшысы, «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ
  • 2016-2018 – Басқарма Төрағасының кеңесшісі, «Көкшетау минералды сулары» АҚ
  • 2006-2016 – Департаменттің аға менеджері, «ПрайсуотерхаусКуперс Такс энд Эдвайзори» ЖШС
  • 2005-2006 – Қаржы талдаушысы, «Қазинтерполис» сақтандыру брокері» ЖШС
  • 2003-2005 – Қаржы талдаушысы, «Amanat Insurance сақтандыру компаниясы» АҚ
  • 2001-2003 – Филиалдарды сақтандыру және бухгалтерлік есеп жөніндегі маман, «Өнеркәсіптік сақтандыру тобы» ААҚ
Мақсұтов Қайрат Берикович
Лауазымы

Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы

Энергетика, стратегиялық жоспарлау, корпоративтік басқару, қаржы, нарықты дамыту және құқықтану саласындағы сарапшы.

  • Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
  • Туған күні: 16 мамыр 1970 жыл
  • Алғашқы сайланған күні: 19 маусым 2023 жыл
  • Өкілеттік мерзімі: 2025 жылғы 23 маусымға дейін
Білімі
  • 1991 – Қазтұтынуодағы Қарағанды кооперативтік институты
  • 2019 – Алматы энергетика және байланыс университеті
Жұмыс тәжірибесі
  • 2018-2023 – Коммерциялық құрылымдардағы басшылық лауазымдар
  • 2016-2018 – Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор, «Самұрық-Энерго» АҚ
  • 2013-2016 – Басқарма төрағасының орынбасары, «Самұрық-Энерго» АҚ
  • 2012-2013 – Корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директор, «Самұрық-Энерго» АҚ
  • 2009-2013 – Басқарма төрағасының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары, «Самұрық- Энерго» АҚ
  • 2008-2009 – Басқарушы директор, Еуразиялық холдингтік компания
  • 2004-2008 – Экономика жөніндегі вице-президент, «Гефест» Тау-кен өнеркәсібі холдингі
  • 1999-2004 – Қарағанды филиалының директоры, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ
  • 1997-1999 – Қаражал қаласы әкімінің орынбасары
Огай Алексей Владимирович
Лауазымы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі

Корпоративтік басқару, стратегия, коммерциялық басқару, инвестициялар, бірігу және сатып алу саласындағы сарапшы.

  • Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
  • Туған күні: 1 желтоқсан 1970 жыл
  • Сайланған күні: 24 тамыз 2023 жыл
  • Өкілеттік мерзімі: 2025 жылдың 23 маусымына дейін
Комитеттерге қатысу

Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі

Білімі

Алматы энергетикалық институты

Жұмыс тәжірибесі
  • 08.2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Энергетика және тау-кен активтері департаментінің директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ
  • 2020-2023 – «Активтерді қайта ұйымдастыру және іске асыру» департамент директоры, «Самұрық- нерго» АҚ
  • 2016-2018 – Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор, «Самұрық-Энерго» АҚ
  • 2015-2016 – CDO, Басқарма төрағасының орынбасары, «Самұрық-Энерго» АҚ
  • 2014-2015 – Активтерді басқару жөніндегі бас директордың орынбасары, «Самұрық-Қазына» АҚ
  • 2011-2014 – Электр энергетикасы активтерін басқару жөніндегі директор, «Самұрық-Қазына» АҚ
  • 2008-2011 – Электр энергетикасы активтері дирекциясының бас сарапшысы, «Самұрық-Қазына» АҚ
  • 2006-2008 – Бас сарапшы, «KEGOC» АҚ тобы, «Самұрық» холдингі» АҚ
  • 1998-2006 – Экономикалық талдау бөлімінің бастығы, «KEGOC» АҚ
Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы
Лауазымы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі

Энергетика, стратегиялық жоспарлау, корпоративтік басқару және қаржы саласындағы сарапшы.

  • Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
  • Туған күні: 23 қазан 1963 жыл
  • Алғашқы сайланған күні: 1 тамыз 2023 жыл
  • Өкілеттік мерзімі: 2025 жылдың 23 маусымына дейін
  • Келісімшарт: 01.08.2023–23.06.2025
Комитеттерге қатысу
  • Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі
  • Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі
Білімі
  • 2016-2020 – Doctor of Business Administration (DBA), Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы
  • 2003-2004 – Мемлекеттік қызмет менеджері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы
  • 1999-2002 – Экономист-заңгер, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
  • 1981-1987 – Инженер-электрик, Павлодар индустриалды институты
  • Халықаралық сертификаттау: IPMA Level B
Жұмыс тәжірибесі
  • 2021-2023 – «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы
  • 2021 – «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясының директоры
  • 2019-2021 – «Самұрық-Қазына» АҚ «Энергетика» секторының басшысы
  • 2018-2019 – «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ Бас директорының орынбасары
  • 2017-2018 – «Самұрық-Энерго» АҚ Даму және сату жөніндегі Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі
  • 2016-2017 – Стратегия және сату жөніндегі Басқарушы директор, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшесі
  • 2015-2016 – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары
  • 2014-2015 – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
  • 2012-2014 – «Самұрық-Энерго» АҚ Даму жөніндегі Басқарушы директоры
  • 2012 – «Самұрық-Энерго» АҚ Инновациялық- технологиялық саясат және даму департаментінің директоры
  • 2011-2012 – «Самұрық-Қазына» АҚ Индустриялық активтерді басқару жөніндегі директоры
  • 2009-2011 – «KEGOC» АҚ ҰЭТ дамыту департаментінің директоры
  • 2007-2009 – «KEGOC» АҚ Солтүстік ЖЭС филиалының директоры
  • 2004-2007 – ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Электр энергетикасы басқармасының бастығы
  • 2003-2004 – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы (жоғары Буын мемлекеттік қызметшілерін даярлау)
  • 1999-2003 – Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары
  • 1997-1999 – «Баянауыл электр желілері ауданы» АҚ Президенті
  • 1996-1997 – «Баянауыл электр желілері ауданы» АҚ бастығы
  • 1989-1996 – «Баянауыл электр желілері ауданы» АҚ бас инженері
  • 1988-1989 – «Баянауыл электр желілері ауданы» АҚ диспетчері
  • 1987-1988 – «Баянауыл электр желілері ауданы» АҚ шебері
  • 1987– «Баянауыл электр желілері ауданы» АҚ электрослесары
Қашқынбеков Арман Қайырберліұлы
Лауазымы

Тәуелсіз директор

Бизнесті басқару және экономика, энергетика, стратегиялық жоспарлау саласындағы сарапшы.

  • Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
  • Туған күні: 25 наурыз 1977 жыл
  • Сайланған күні: 27 мамыр 2022 жыл
  • Өкілеттік мерзімі: 2025 жылдың 23 маусымына дейін
Комитеттерге қатысу
  • Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы
  • Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі
  • Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі
Білімі
  • Қазақстан-Жапон даму орталығы, «Стратегиялық менеджмент» бағдарламасы
  • Норвегиялық мұнай директораты, «Мұнай саясаты және менеджмент» мамандығы
  • Вандербильт университеті (АҚШ), экономика магистрі («Болашақ» бағдарламасы)
  • Қарағанды мемлекеттік университеті
Жұмыс тәжірибесі
  • 2022 жылдан бастап – «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ президенті, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі
  • 2021-2022 – Халықаралық қар барысы қорының директоры
  • 2020-2021 – БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты даму жөніндегі басшысы
  • 2019-2020 – Ғылым Қоры Басқарма төрағасының орынбасары
  • 2018-2019 – Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Басқарма төрағасының орынбасары
  • 2016-2017 – «Энзен» вице-президенті
  • 2015 жылдан бастап – Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының құрметті Бас директоры және Директорлар кеңесінің мүшесі
  • 2012-2014 – «Роллс-Ройс Энерджи Казахстан» Бас директоры
  • 2009-2012 – Басқарма мүшесі, Үкіметпен байланыс және «АрселорМиттал Темиртау» қоғамымен байланыс жөніндегі директор
  • 2008-2009 – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры
  • 2007-2008 – KAZENERGY атқарушы директоры
  • 2006-2007 – «Қазинвест» президенті
  • 2005-2006 – Бизнесті дамыту, үкіметпен және «КонокоФиллипс» қоғамымен байланыс жөніндегі директор
  • 2004-2005 – ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің директоры
  • 2000-2004 – «ҚазМұнайГаз»/«Қазақойл» ҰҚ бас менеджері
  • 1999-2000 – «ОУЭН» Бизнес-мектебінің медиа- талдаушысы (Вандербильт университеті)
  • 1998-1999 – Қоғамдық саясат институтының ғылыми қызметкері (Вандербильт университеті)
Директорлар кеңестеріне қатысу
  • ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық Сенім Ұлттық кеңесінің мүшесі
  • Энергетика және машина жасау жөніндегі Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі
  • «Атамекен» ҰКП Энергетика комитетінің мүшесі
  • 2021 жылдан бастап – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі
  • 2017 жылдан бастап – ШТЭЦ-3/ERG АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі
  • 2014-2018 – Бәйтерек Венчур қорының Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі
  • 2019-2020 – «НИТ» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі
Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы
Лауазымы

Тәуелсіз директор

Стратегиялық жоспарлау, корпоративтік басқару, қаржы және аудит саласындағы сарапшы.

  • Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
  • Туған жылы: 28 қаңтар 1977 жыл
  • Сайланған күні: 6 қазан 2022 жыл
  • Өкілеттік мерзімі: 2025 жылдың 23 маусымына дейін
  • Келісімшарт мерзімі: 06.10.2022 жылдан 23.06.2025 жылға дейін
Комитеттерге қатысу
  • Аудит комитетінің төрағасы
  • Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі
  • Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі
Білімі
  • Дюкейн университеті, Питсбург, АҚШ, «Бизнесті басқару» (BSBA) мамандығы
  • Оксфорд университеті, Ұлыбритания, салыстырмалы әлеуметтік саясат бойынша ғылым магистрі (MSc Comparative Social Policy)
  • Калифорния Беркли университеті, АҚШ, MBA дәрежесі
  • Сертификатталған қаржылық талдаушы (CFA)
Жұмыс тәжірибесі
  • 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «strategyLab» ЖШС консалтингтік компаниясының негізін қалаушы
  • 2006-2008 – Маркетинг маманы, SAP компаниясы, АҚШ
  • 2009-2010 – Кеңесші, McKinzy компаниясы, Ресей Федерациясы
  • 2010-2012 – Полиметалл компаниясы, Қазақстан
  • 2012-2013 – Аға менеджер, KPMG компаниясы, Қазақстан
  • 2013-2020 – Аға менеджер, директор, PwC компаниясы, Қазақстан
Директорлар кеңестеріне қатысу
  • 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Қазақтелеком»АҚ тәуелсіз директоры
Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы
Лауазымы

Тәуелсіз директор

Бағалы қағаздар мен инвестициялық жобаларды басқару, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы сарапшы.

  • Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
  • Туған жылы: 9 қыркүйек 1968 жыл
  • Сайланған күні: 24 маусым 2025 жыл
  • Өкілеттік мерзімі: 2028 жылдың 23 маусымына дейін
  • Келісімшарт мерзімі: 24.06.2025 жылдан 23.06.2028 жылға дейін
Комитеттерге қатысу
  • Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі
  • Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі
Білімі
  • 1986-1991 – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, біліктілігі – философ, оқытушы
  • 1996-1998 – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті жанындағы Еуразия университеті, біліктілігі – экономист
  • 2013 – Лондон бизнес және қаржы мектебі, LSBF
  • 2012-2014 – Қазақ гуманитарлық-заң университеті, MBA
  • 2016–2021 – 2016-2021 – Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, (РХШМҚА), ЖКБМ, DBA
Жұмыс тәжірибесі
  • 2020 – Ellington City Tourism Ltd жеке компаниясының директоры
  • 2019 – «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары
  • 2018 – «Қаржы академия» АҚ ғылым және инновациялар жөніндегі проректор
  • 2017–2018 – «ҚазАгро ұлттық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
  • 2015–2017 – «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы
  • 2013–2015 – «ҚазАгроФинанс» АҚ Басқарма төрағасының м.а.
  • 2007–2012 – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы
  • 2004–2007 – «Орталық Азия траст компаниясы» АҚ өңірлік өкілі
  • 2001–2004 – «Регистратор» ЖШС бас директоры
  • 1995–2001 – «Еуразия банкі» ЖАҚ Бағалы қағаздар және инвестициялық жобалар басқармасы қор бөлімінің бастығы

КЕҢЕСТІҢ ӘРБІР МҮШЕСІНІҢ ТОЛЫҚ ТҮЙІНДЕМЕСІМЕН МЫНА САЙТТАН ТАНЫСУҒА БОЛАДЫ: WWW.SAMRUKENERGY.KZ

Директорлар кеңесі мүшелерінің оның құрамында болу ұзақтығы
Директорлар кеңесінің құзыреттілік матрицасы
Қажетті білім В.Д. Огай А.К. Қашқынбеков А.С. Жұбаев К.Т. Молдабаев А.В. Огай Н.Ю. Казутин Қ.Б. Мақсұтов
Кәсіби дағдылар
Стратегиялық жоспарлау +++++
Аудит, тәуекелдерді басқару, ішкі аудит, бақылау ++++
Environmental, Social, and Corporate Governance, ESG ++++
Қаржы және экономика +++
Кадрларды басқару және сыйақы ++++
Жобаны басқару +++++
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ++++++
Энергетика/Жаңартылатын энергетика +++++
Тәжірибе
Қолданылатын салалық тәжірибе (энергетика) ++
Басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі (CEO, CEO-1) +++
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі ++++
Директорлар кеңесіне мүшелік тәжірибесі +++++++
Білім беру
PhD/MBA/басқа магистр дәрежесі ++++++
CFA/CPA/басқа ұқсас дәреже +
CIA/басқа ұқсас дәреже +
Директорлар кеңесінің қызметі

Директорлар кеңесінің отырыстары талқыланатын мәселелердің тізбесін және отырыстарды өткізу кестесін қамтитын күнтізбелік жыл басталғанға дейін бекітілетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Маңызды және стратегиялық сипаттағы мәселелер бойынша шешімдерді қарау және қабылдау Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырыстарында ғана жүзеге асырылады. Директорлар кеңесінің отырыстарына материалдар уақытша – кемінде күнтізбелік жеті күн бұрын, ал неғұрлым маңызды және стратегиялық мәселелер бойынша кемінде 15 жұмыс күн бұрын жіберіледі.

Директорлар кеңесі мүшелерінің отырыстарға қатысуы
100% құрады
2024 жылы Компанияның Директорлар кеңесі
19 отырыс өткізді:
оның ішінде
11 бетпе-бет
8 сырттай форматында өтті
Директорлар кеңесі мүшелерінің 2024 жылы ДК және Комитет отырыстарына қатысу статистикасы
ТАӘ Директорлар кеңесі Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет Аудит жөніндегі комитет Стратегиялық жоспарлау комитеті Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау комитеті
Н.Ю. Казутин 100% - - - -
Молдабаев Қ.Т. 100% - - 100% 100%
А.В. Огай 100% 100% - - -
В.Д. Огай 100% 100% 100% - 100%
А.Қ. Қашқынбеков 100% - 100% 100% 100%
А.С. Жұбаев 100% 100% 100% 100% -
Қ.Б. Мақсұтов 100% - - - -
Директорлар кеңесінің 2024 жылғы қызметінің статистикасы
Көрсеткіш Директорлар кеңесі Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет Аудит жөніндегі комитет Стратегиялық жоспарлау комитеті Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау комитеті
Жылдық Жұмыс жоспарының орындалуы (%) 100 100 100 100 100
Бетпе-бет/сырттай отырыстар саны (дана) 12/7 10/0 10/0 7/0 4/0
Отырыстың орташа ұзақтығы (сағат/мин) 50 50 34 33 22
Күн тәртібіндегі мәселелердің орташа саны (дана) 9 7 6 4 2
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылаудың орташа ұзақтығы (мин.) 5 7 6 7 9

Директорлар кеңесінің отырыстарында 200 мәселе қаралды, оның ішінде:

  • Astana International Exchange алаңында Компания тобы үшін Өтімділікті басқару бағдарламасын тіркеуді мақұлдау туралы.
  • Компанияны трансформациялау бағдарламасын орындау нәтижелерін верификациялау туралы есеп.
  • Директорлар кеңесінің мүшесіне Бақылау кеңесінің тәуелсіз мүшесі ретінде жұмыс істеуге келісім беру туралы.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларының схемасын бекіту туралы.
  • Forum Muider B.V. Компанияларының кейбір мәселелері туралы.
  • 2024 жылға арналған СЕО-1 негізгі позицияларына сабақтастық бағдарламасын бекіту туралы.
  • Компанияның 2024-2033 жылдарға арналған Даму стратегиясын бекіту туралы.

Тоқсан сайынғы есеп беру аясында 2024 жылы Директорлар кеңесі келесі есептерді тыңдады:

  • Инвестицияларды және инвестициялық жобаларды игеру туралы;
  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс туралы;
  • Даму Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы.

Сондай-ақ Директорлар кеңесі мына есептерді қарады:

  • Стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу және кері байланыс механизмі бойынша;
  • Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтау/сақтамау туралы;
  • Тұрақты даму саласындағы бастамалар жоспары іс- шараларының орындалуы туралы;
  • Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті) қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ ІТ-жүйелері мен инфрақұрылымдарды қорғау және қолдау бөлігінде Компанияның ішкі бақылауларының жеткіліктілігін талдау және бағалау бойынша.

2025 жылы Директорлар кеңесінің жұмысы стратегиялық сипаттағы мәселелерге, атап айтқанда әкімшілік және операциялық сипаттағы корпоративтік мәселелерді қысқартуға бағытталатын болады.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері

GRI 2-9

Белгілі бір міндеттерді орындау, тиімді жұмыс істеу және мәселелер мен қабылданған шешімдерді тереңдетіп зерделеу мен сапалы пысықтауға тиісті назар аудару мақсатында Директорлар кеңесі өз Комитеттеріне өкілеттіктер береді. Комитеттердің қызметі Комитет туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Директорлар кеңесі жанындағы қолданыстағы Комитеттер экономикалық, экологиялық және әлеуметтік салаларда ұсыныстар дайындауға жауапты:

  • Аудит жөніндегі комитет;
  • Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет;
  • Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет;
  • Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау комитеті.

Директорлар кеңесі тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып және Комитеттер әзірлеген ұсынымдарды терең зерделеу негізінде көрсетілген аспектілер бойынша шешімдер қабылдайды.

Есепті кезеңде Директорлар кеңесі немесе Басқарма жанындағы қолданыстағы Комитеттердің функцияларында өзгерістер болған жоқ, жаңа Комитеттер құрылмады.

Аудит жөніндегі комитет

Комитет қызметінің мақсаты – Компанияның қаржы- шаруашылық қызметін бақылаудың тиімді жүйесін, оның ішінде қаржылық есептіліктің толықтығы мен дұрыстығын, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігін, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын, сыртқы және ішкі тәуелсіздігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үдерісін бақылауды белгілеу жөніндегі мәселелерді тереңдетіп пысықтау үшін Директорлар кеңесіне жәрдемдесу.

Комитет құрамы:

  • Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – Тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;
  • Қашқынбеков Арман Қайырберліұлы – Тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Огай Валерий Дмитриевич – Тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.
2024 жылы Аудит жөніндегі комитет
8 бетпе-бет отырыс өткізді,
онда
58 мәселе қаралды

Негізгілерінің қатарына Ішкі аудит қызметінің, «Комплаенс» қызметінің және «Тәуекел менеджменті және ішкі бақылау» департаментінің жұмысы жатады.

Дауыс беруге құқығы бар Комитет мүшелерінің қатысуы
100%
құрады

Сондай-ақ есепті кезеңде Комитет сыртқы аудиторлармен және атқарушы органмен қаржылық есептілікті дайындау мәселелері бойынша кездесулер өткізді.

Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет – Директорлар кеңесінің мүшелерін, Басқарманы, Корпоративтік хатшыны, сондай-ақ Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес өзге де қызметкерлерді тағайындау және сыйақы беру мәселелері бойынша ұсынымдар дайындауды қамтамасыз ететін Директорлар кеңесінің консультативтік-кеңесші органы.

Комитет құрамы:

  • Огай Валерий Дмитриевич – Тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;
  • Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – Тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Огай Алексей Владимирович – Комитет мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі.
2024 жылы Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет
12 бетпе-бет отырыс өткізді,
онда
78 мәселе қаралды

Негізгілердің ішінде:

  • «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша Бақылау кеңестерінің/Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау мәселелері бойынша Директорлар кеңесіне ұсынымдар берілді.
  • Басқарма Төрағасы, Өндіріс жөніндегі басқарушы директор, Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор, GR, даму және IT жөніндегі басқарушы директор, Құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Қауіпсіздік және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, Инвестициялар жөніндегі бас директор лауазымдарының сипаттамаларын бекіту туралы.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы мен мүшелерін 2024 жылға арналған жеке Даму жоспарлары қаралды.
  • Басқарма мүшелері, Ішкі аудит қызметінің басшысы және «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік хатшысы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нақты мәндері, сондай-ақ осы тұлғалардың уәждемелік ҚНК қаралды.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ басшы қызметкерлеріне, Ішкі аудит қызметтері қызметкерлеріне, «Комплаенс», Корпоративтік хатшысы мен Омбудсменіне еңбекақы төлеу және сыйақы беру қағидалары жаңа редакцияда қаралды.
Дауыс беруге құқығы бар Комитет мүшелерінің қатысуы
100%
құрады
Стратегиялық жоспарлау комитеті

Комитет қызметінің мақсаты – Компания қызметінің басым бағыттарын (даму), стратегиялық мақсаттарын (даму стратегиясын) әзірлеу, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қоса алғанда, тұрақты дамуды басқару жүйесін енгізу, ұзақ мерзімді перспективада Компания қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін инвестициялық жобаларды, мастер-жоспарды және іс-шараларды іске асыру мәселелері бойынша ұсынымдар дайындауды қамтамасыз ету.

Комитет құрамы:

  • Қашқынбеков Арман Қайырберліұлы – Тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;
  • Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – Комитет мүшесі, Тәуелсіз директор;
  • Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – Комитет мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі.
2024 жылы Стратегиялық жоспарлау комитет
11 бетпе-бет отырыс өткізді,
онда
71 мәселе қаралды

Негізгілер арасында – тоқсан сайынғы Есептер:

  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2024-2033 жылдарға арналған Даму стратегиясын алдын ала қарау туралы.
  • Қоғамның 2025-2029 жылдарға арналған Даму жоспарын (бизнес-жоспарын) алдын ала қарау туралы.
  • Компанияның 2024-2033 жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қарау туралы;
  • Компанияның Даму жоспарын орындау туралы;
  • Маңыздылық матрицасын алдын ала бекіту туралы «Самұрық-Энерго» АҚ.
  • Инвестицияларды және инвестициялық жобаларды игеру туралы.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Маңыздылық матрицасын алдын ала мақұлдау туралы.
  • Инвестицияларды игеру және инвестициялық жобалар туралы.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесіне Қоғамның 2060 жылға дейінгі Энергетикалық ауысу бағдарламасын жаңа редакцияда бекіту туралы мәселе бойынша ұсынымдар беру туралы.
  • Тұрақты даму саласындағы Басшылықты жаңа редакцияда алдын ала қарау туралы.
  • Деректерді верификациялауды ескере отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформациялау бағдарламасының 2015-2022жж. орындалуы туралы Есепті бекіту мәселесі бойынша ұсынымдар беру туралы.
Дауыс беруге құқығы бар Комитет мүшелерінің қатысуы
100%
құрады
Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау комитеті

Комитеттің мақсаты – қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау, бағалау, талдау және тиімді жұмыс жасау арқылы Компания қызметінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету.

2024 жылы Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау комитет
5 бетпе-бет отырыс өткізді,
онда
17 мәселе қаралды

Комитет құрамы:

  • Огай Валерий Дмитриевич – Тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;
  • Қашқынбеков Арман Қайырберліұлы – Тәуелсіз директор, Комитет мүшесі
  • Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – Комитет мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі.

Негізгілер арасында – тоқсан сайынғы Есептер:

  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттану саласындағы жұмыс туралы.
  • Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы.
  • 2024 жылға арналған нөлдік жарақаттануға жету жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы.
  • Қоршаған ортаны басқару бойынша 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы.
  • 2024 жылы орын алған жазатайым оқиғалар үшін тәртіптік жаза қолдану мәселесін қарау туралы.
  • «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының Экологиялық қауіпсіздік бағдарламасын қарау туралы.
Дауыс беруге құқығы бар Комитет мүшелерінің қатысуы
100%
құрады

Басқарма

Компанияның ағымдағы қызметіне басшылықты Басқарма нысанындағы алқалы атқарушы орган жүзеге асырады, ол Директорлар кеңесімен ынтымақтасады және барлық мүдделі тараптармен өзара әрекеттеседі.

Басқарма Компания қызметінің Даму стратегиясына, Даму жоспарына және Жалғыз акционер мен Басқарушы орган қабылдаған шешімдерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Басқарма құрамын қалыптастыру тәртібі, оның мүшелерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, сондай-ақ қызмет регламенті Жарғысында және Басқарма туралы ережеде айқындалады.

Жарғыға сәйкес Директорлар кеңесі Басқарманың сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындайды, Басқарма мүшелерін сайлайды және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады (Басқарма Төрағасын қоспағанда). Басқарма Төрағасын тағайындау (сайлау) және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі Жалғыз акционердің құзыретіне жатады.

Атқарушы органның Төрағасы мен мүшелері өз функцияларын орындау үшін қажетті жеткілікті білімге, дағдыларға және тәжірибеге ие, сондай-ақ мінсіз іскерлік және жеке беделге ие.

Басқарма Компанияның күнделікті міндеттерін жедел және тиімді шешуді, сондай-ақ Даму стратегиясы мен жоспарын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Басқарма төмендегілерді қамтамасыз етеді:

  • Компанияның заңнамасына, Жарғысына және ішкі құжаттарына, сондай-ақ Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес қызмет.
  • Тәуекелдерді дұрыс басқару және ішкі бақылау.
  • Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдерін іске асыру үшін ресурстар бөлу.
  • Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  • Қызметкерлердің қызығушылығы мен адалдығы атмосферасын құру, корпоративтік мәдениетті дамыту.
Басқарма құрамы
GRI 2-9, 405-1, GRI 12: Coal Sector: 12.19.6

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма құрамы жеті мүшеден тұрады. Жергілікті қоғамдастық өкілдерінен жалданған жоғары дәрежелі басшылардың үлесі 2024 жылы 100%-ды құрады.

Жасы
30-50 жас 57%
50 және одан көп 43%
Гендерлік құрамы
Ерлер 86%
Әйелдер 14%
Мақсұтов Қайрат Берікұлы
Басқарма төрағасы
Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы
Туған күні:
16 мамыр 1970 жыл
Міндеттері:

Операциялық қызметке, стратегияны іске асыруға, энергия ресурстарын өндіруге, акционерлік капиталдың өсуіне, жобаларды басқаруға, өнімділікті арттыруға және адами капиталды дамытуға жауап береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, комплаенс-тапсырмаларды орындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін сақтау жөніндегі шаралар үшін дербес жауапты болады.

Тұрғамбаев Руслан Елубайұлы
Өндіріс жөніндегі басқарушы директор
Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы
Туған күні:
30 сәуір 1974 жыл
Міндеттері:

Даму жоспарларын орындауға, өндірісті, күрделі құрылысты, жөндеуді және инвестициялық бағдарламаларды бақылауға жауапты. Энергия үнемдеуді, энергия тиімділігін арттыруды және экологиялық қауіпсіздікті қадағалауды жүзеге асырады. Инновациялық технологияларды енгізуге және күрделі құрылыс жобаларын басқаруға жетекшілік етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, комплаенс-тапсырмаларды орындау және комплаенс-тәуекелдерді азайту үшін дербес жауапты болады.

Камалов Алмасби Низамаддинұлы
Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор
Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы
Туған күні:
7 сәуір 1989 жыл
Міндеттері:

Қаржылық тұрақтылыққа, экономикалық және тарифтік саясатқа, инвестициялық қызметке, салықтық талдауға және стратегиялық жоспарлауға жауап береді. Сенімді есептілікті, стратегияның іске асырылуын бақылауды және инвестициялық шешімдердің тиімділігін қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, комплаенс- тапсырмаларды орындау және комплаенс-тәуекелдерді азайту үшін дербес жауапты болады.

Жапарханов Нұрлан Алтынханұлы
Құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор
Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы
Туған күні:
26 мамыр 1982 жыл
Міндеттері:

Қоғам мен ЕТҰ қызметін құқықтық қолдауды, корпоративтік басқаруды және заңдық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Активтердің нысаналы құрылымын іске асыруды, инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеуді және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды бақылайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, комплаенс-тапсырмаларды орындау және комплаенс-тәуекелдерді азайту үшін дербес жауапты болады.

Ивченко Елена Дмитриевна
GR, Даму және IT бойынша басқарушы директор
Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы
Туған күні:
9 сәуір 1975 жыл
Міндеттері:

Электр энергиясы мен көмір көлемінің іске асырылуын, жаңа нарықтардың дамуын және энергия нарығы моделінің жетілдірілуін бақылайды. Цифрландыруға, бизнес-процестерді автоматтандыруға және IT-шешімдерді енгізуге жауапты. Акционермен, мемлекеттік органдармен өзара әрекеттеседі және заңнаманы жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, комплаенс-тапсырмаларды орындау және комплаенс- тәуекелдерді азайту үшін дербес жауапты болады.

Балтабаев Асқар Қуатбайұлы
Қауіпсіздік және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор
Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы
Туған күні:
16 қыркүйек 1979 жыл
Міндеттері:

Тәуекелдерді басқаруға, ішкі бақылауға, бизнестің үздіксіздігіне, сатып алуға, маркетингке және әкімшілік қолдауға жауапты. Қаражаттың тиімді пайдаланылуын және табыстылықтың жоғарылауын бақылайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына, комплаенс-тапсырмаларды орындауға және комплаенс-тәуекелдерді азайтуға дербес жауапты болады

Айдаров Аңсар Айдарұлы
Инвестициялар жөніндегі бас директор
Азаматтығы:
Қазақстан Республикасы
Туған күні:
24 сәуір 1986 жыл
Міндеттері:

Инвестициялық жобаларды талдау мен бағалауға, инвестициялар мен қаржыландыруды тартуға, сондай-ақ энергетика саласындағы активтерді оңтайландыруға және қайта ұйымдастыруға басшылық етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, комплаенс-тапсырмаларды орындау және комплаенс-тәуекелдерді азайту үшін дербес жауапты болады.

КЕҢЕСТІҢ ӘРБІР МҮШЕСІНІҢ ТОЛЫҚ ТҮЙІНДЕМЕСІМЕН МЫНА САЙТТАН ТАНЫСУҒА БОЛАДЫ: WWW.SAMRUK-ENERGY.KZ

Басқарма қызметі

Атқарушы орган бетпе-бет отырыстар өткізеді және Даму жоспарын, Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің және операциялық қызметтің шешімдерін іске асыру мәселелерін талқылайды. Өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Есепті кезеңде Басқарма сырттай отырыстар өткізу жағдайларын шектеді.

2024 жылы Басқарманың 41 отырысы өткізіліп, 326 мәселе қаралды. Атап айтқанда, Даму стратегиясын іске асыру, Жалғыз акционердің шешімі, Директорлар кеңесі және операциялық қызмет мәселелері талқыланды.

Басқарма еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздік) қамтамасыз ету мәселелеріне, сондай-ақ IТ- жүйелері мен инфрақұрылымдарды қорғау және қолдау бөлігінде Қоғамның ішкі бақылауларының жеткіліктілігін талдау мен бағалауға ерекше назар аударды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да кемсітушілікке жол бермеу жөніндегі саясат, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2060 жылға дейінгі Энергетикалық ауысу бағдарламасы бекітілді.

Сондай-ақ ЕТҰ-ның ішкі нормативтік құжаттары, персоналдың жалпы саны, ұйымдық құрылымы, «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы қызметкерлерінің штаттық кестесі мен лауазымдық айлықақыларының схемалары бекітілді. ЕТҰ инвестициялық жобалары бойынша, ЕТҰ жарғылық капиталдарының мөлшерін өзгерту және ЕТҰ Жарғыларына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерінің ЕТҰ органдарында және т. б. дауыс беру ұстанымдары анықталды.

Басқарма комитеттері
GRI 2-9

Басқарма жанындағы мәселелерді неғұрлым терең және сапалы пысықтау үшін тұрақты жұмыс істейтін Комитеттер құрылды. Басқарма жанындағы комитеттердің қызметі Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерді терең және мұқият қарауға және қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Комитеттер қарайтын мәселелер бойынша түпкілікті шешімді Басқарма қабылдайды. Барлық Комитеттер Компания Басқармасына есеп береді және оларға Басқарма берген құзырет шеңберінде әрекет етеді. Комитеттердің функциялары, өкілеттіктері, құрамы және қызметін ұйымдастыру процесі тиісті ережелерде реттелген және Басқармамен бекітілген.

Тәуекелдер жөніндегі комитет

Компанияның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласында шешімдер қабылдау кезінде Басқармаға жәрдемдеседі, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру және қолдау бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындайды, олардың жұмыс істеуін және тәуекелдерді анықтауға, өлшеуге, бақылауға және қадағалау арналған процестердің дамуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы салалардағы жұмысты үйлестіруді бақылау бойынша ұсыныстар дайындаумен айналысады.

Комитет құрамы:

  • Комитет төрағасы – Қауіпсіздік және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор;
  • Комитет мүшелері – GR, даму және IT басқарушы директор, Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор, Өндіріс жөніндегі басқарушы директор, Құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Инвестициялар жөніндегі бас директор, «Тәуекел менеджменті және ішкі бақылау» департаментінің директоры, Ішкі аудит қызметінің басшысы (дауыс беру құқығынсыз), «Комплаенс» қызметінің басшысы.
2024 жылы Тәуекелдер жөніндегі комитет
5 бес отырыс өткізді (бетпе-бет),
онда
9 тоғыз мәселе қаралды

Негізгі сұрақтар:

  • Тәуекелдерді басқару жөніндегі Есепті алдын ала мақұлдау туралы (негізгі тәуекелдерді сипаттаумен және талдаумен, сондай-ақ 2023 жылғы IV тоқсандағы, 2024 жылғы I, II және III тоқсандардағы «Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерін азайту жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру мәліметтерімен);
  • 2025 жылға арналған «Самұрық-Энерго» АҚ- ның шоғырландырылған Тәуекел тіркелімін, шоғырландырылған Тәуекел картасын, әрбір негізгі тәуекелге қатысты төзімділік деңгейлерін айқындай отырып, Негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс- шаралар жоспарын, Негізгі тәуекел көрсеткіштерінің паспорттарын алдын ала мақұлдау туралы;
  • Департаменттің 2024 жылғы Жұмыс жоспарының орындалуы жөніндегі Есепті қарау және Департаменттің 2025 жылға арналған Жұмыс жоспарын бекіту туралы;
  • Тәуекелдер жөніндегі комитеттің 2024 жылғы Жұмыс жоспарының орындалуы жөніндегі Есепті қарау және Тәуекелдер жөніндегі комитеттің 2025 жылға арналған Жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Комитет мүшелерінің қатысуы
94%
құрады
Жоспарлау және бағалау комитеті

Комитеттің мақсаты – «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы қызметінің тиімділігін арттыру, оның ішінде олардың активтері мен шығындарының құрылымын оңтайландыру, ҚНК мониторингі, Даму жоспарларын, қаржылық есептілікті қарау.

Комитет құрамы:

  • Комитет төрағасы – Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор;
  • Комитет төрағасының орынбасары – GR, Даму және IT жөніндегі Атқарушы директор;
  • Комитет мүшелері – Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, «Сатып алуды басқару» департаментінің басшысы, Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы (дауыс беру құқығынсыз).
2024 жылы Жоспарлау және бағалау комитет
55 отырыс өткізді (бетпе-бет),
онда
107 мәселе қаралды

Негізгілерінің қатарында: бірінші күнтізбелік жылға арналған жылдық бюджеттің бекітілген көрсеткіштері шегінде Корпоративтік орталық пен ЕТҰ бюджетін түзетуді келісу, сондай-ақ ЕТҰ-дың 2023, 2024 жылғы Даму жоспарының және ЕТҰ-дың 2024-2028 жылдарға арналған Даму жоспарының жобасының орындалуы туралы есептерді қарау.

Комитет мүшелерінің қатысуы
100%
құрады
Инвестициялық-инновациялық кеңес

Кеңес «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша инвестициялық және инновациялық қызметтің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Кеңес өзінің негізгі мақсатына жетуді қамтамасыз ету үшін Қоғамның және ЕТҰ-дың уәкілетті органдары үшін инвестициялық және инновациялық қызмет мәселелері бойынша, инвестицияға дейінгі және инвестициялық жобаның белгілі бір кезеңдерін іске асыру, «Самұрық-Энерго» АҚ мен ЕТҰ дамуының жаңа, перспективалы бизнес-бағыттарын айқындау, Компанияның басқа заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуы және иеліктен шығаруы бойынша ұсынымдарды қарау және (немесе) әзірлеу жолымен мынадай функцияларды орындайды.

Кеңес құрамы:

  • Кеңес төрағасы – Басқарма төрағасы;
  • Кеңес төрағасының орынбасары – Өндіріс жөніндегі басқарушы директор;
  • Кеңес мүшелері – GR, Даму және IT басқарушы директоры, Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор, Құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Қауіпсіздік және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, Инвестициялар жөніндегі бас директор, «Комплаенс» қызметінің басшысы (дауыс беру құқығы жоқ сарапшы), «Самұрық- Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы (дауыс беру құқығы жоқ сарапшы).
2024 жылы Инвестициялық- инновациялық кеңес жеті
7 отырыс өткізді (бетпе-бет),
онда
15 мәселе қаралды

Негізгі мәселелер қатарында: «Көкшетау қаласында көмір жылу электр орталығын (ЖЭО) салу» жобасының кейбір мәселелері туралы», «Қазақстанда алғашқы Гидроаккумуляциялық станцияны салу» жобасының кейбір мәселелері туралы».

Инвестициялық-инновациялық кеңес мүшелерінің қатысуы
90%
құрады
Кредиттік комитет

Кредиттік комитеттің негізгі міндеттері – «Самұрық- Энерго» АҚ активтері мен пассивтер құрылымын тиімді басқару бойынша ұсынымдар әзірлей отырып, кредиттерді (қарыздарды) тартуға, беруге, қаржылық көмекке және кепілдіктер беруге, тәуекелдерді азайтуға байланысты мәселелер бойынша шешімдердің уақтылы және сапалы қабылдануын қамтамасыз ету.

Комитет құрамы:

  • Комитет төрағасы – Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор;
  • Комитет мүшелері – Өндіріс жөніндегі басқарушы директор, Қауіпсіздік және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, «Қазынашылық және корпоративтік қаржы» департаментінің директоры, «Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау» департаментінің директоры, Инвестициялар жөніндегі бас директор;
  • Тәуелсіз сарапшы – «Комплаенс» қызметінің басшысы.
2024 жылы Кредиттік комитет
17 отырыс өткізді (бетпе-бет),
онда
18 мәселе қаралды

Негізгі мәселелердің қатарында: Екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қарыздар мен қаржылық көмек тарту/ұсыну, бос ақшалай қаражатын орналастыру мәселелері.

Комитет мүшелерінің қатысуы
86%
құрады
Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау комитеті

Комитет қызметінің мақсаты – еңбек және қоршаған ортаны қорғауға байланысты тәуекелдерді сәйкестендіру және басқару жөніндегі саясаттар мен жүйелердің тиімділігін бағалау мәселелері бойынша тиісті ұсынымдар беру арқылы Компанияның еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелерді тиімді шешуді қамтамасыз ету. Барлық өлімге әкелетін жазатайым оқиғаларды, сондай- ақ ауыр оқиғаларды және осындай жағдайлар мен оқиғалардың нәтижесінде жасалған іс- шараларды талдау. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлігінде кез келген тәуелсіз аудиторлық тексерулердің нәтижелерін зерделеу, көтерілетін сұрақтарға жауап ретінде әзірленген кез келген стратегиялар мен іс-қимыл жоспарларына шолу және, мүмкіндігінше, Директорлар кеңесіне осы мәселелерге қатысты ұсыныстар беру.

Комитет құрамы:

  • Комитет Төрағасы – Басқарма Төрағасы;
  • Комитет төрағасының орынбасары – «Еңбекті қорғау» Департаментінің директоры;
  • Комитет мүшелері – «Генерация және отын» департаментінің директоры, «ЖЭК және тарату» департаментінің директоры, «Корпоративтік басқару және тұрақты даму» департаментінің директоры, «Еңбекті қорғау» департаментінің бас менеджері.
2024 жылы Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет өткізді
7 бетпе-бет отырыс,
онда
8 мәселе қаралды

Қаралған негізгі Есептердің қатарында: қауіпсіздік және еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттану саласындағы жұмыс туралы, «Самұрық- Энерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша 2025 жылға арналған Нөлдік жарақаттануға жету жөніндегі жоспар, Қоғам компаниялары тобы қызметкерлерінің денсаулығын нығайту және жақсарту туралы ереже, «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің ерікті бірлестігі клубы туралы ереже өндірістік қауіпсіздік, сондай-ақ Комитеттің жұмысы туралы жылдық есеп.

Комитет мүшелерінің қатысуы
100%
құрады

Мүдделер қақтығысы

GRI 2-9

Мүдделер қақтығысын басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында, сондай-ақ қызметкерлердің мінез-құлқына қойылатын талаптарды анықтау үшін, оларды сақтау Компаниядағы жеке мүдделер мен байланыстардың әсерінен шешім қабылдау тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Біз Корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясатын енгіздік, оның шеңберінде басшы қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары мүдделер қақтығысының жоқтығы туралы декларацияны толтырады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да бос жұмыс орындарына үміткерлерді іріктеу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында ЕТҰ-дағы басшы лауазымдар (лауазымдар тізбесіне сәйкес) «Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобының лауазымды тұлғаларымен біліктілік талаптарына сәйкестігі және лауазымды тұлғалармен байланысы тексеріледі.

Корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясатына сәйкес, 2024 жылы Директорлар кеңесінің мүшелері мүдделер қақтығысына жол бермеді, Директорлар кеңесі мүшелерінің жеке мүдделері олардың өз міндеттерін тиісінше орындауына әсер етуі мүмкін жағдайлар туындамады. Шешімдерді бейтарап қабылдауға әсер ететін және/немесе әсер етуі мүмкін мүдделер қақтығысы туындаған жағдайлар тіркелмеген, Директорлар кеңесінің мүшелері мұндай шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатысқан жоқ.

Ішкі және сыртқы аудит

«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жету мақсатында тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған Директорлар кеңесіне тәуелсіз консультациялар мен объективті аудиторлық кепілдіктер береді («Самұрық-Энерго» АҚ сайтында Ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы толығырақ https://www.samruk-energy.kz/kz/company/corporategovernance/ corporate-governance-main-kz/internalaudit).

Қызметтің миссиясы Директорлар кеңесі мен Атқарушы органға Қоғамның және оның ЕТҰ-ның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі міндеттерін орындауда қажетті жәрдем көрсету болып табылады.

Қызметтің негізгі мақсаты Директорлар кеңесіне «Самұрық-Энерго» АҚ және оның ЕТҰ-да тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру болып табылады.

Қызметтің негізгі міндеттері:

  • ішкі бақылау жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу
  • тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу;
  • алаяқтық жасау тәуекелін және компаниялар тобындағы алаяқтық тәуекелін басқару тиімділігін бағалау;
  • компаниялар тобында корпоративтік басқару жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу;
  • бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыстығын, толықтығын, объективтілігін және қаржылық есептіліктің сенімділігін бағалау;
  • белгіленген тәртіппен Компанияға (комплаенс бақылау) және оның ЕТҰ-на қолданылатын Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, «Самұрық-Қазына» АҚ нормативтік құжаттарының талаптарының орындалуын бағалау;
  • компаниялар тобында ресурстарды пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігін, сондай-ақ компаниялар тобында активтердің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылатын әдістерін (тәсілдерін) бағалау;
  • ішкі аудит қызметін, Компанияның ЕТҰ тексеру комиссияларын әдіснамалық қамтамасыз ету.
Қасымбеков Бекжан
ІАҚ басшысы
Тиімді ішкі аудит – бұл жай ғана бақылау емес, Компанияның орнықтылығы мен ашықтығын арттыратын стратегиялық құрал. Біздің міндетіміз – Директорлар кеңесі мен Акционердің Компанияның ашық, жауапты әрі барлық мүдделі тараптардың мүддесін ескере отырып басқарылатынына деген сенімін қамтамасыз ету.
Дәл осындай этика Компанияны шын мәнінде орнықты етеді және оны үздік халықаралық тәжірибелер қатарына қосады

Аудиторлық тапсырмалардың басымдығы неғұрлым жоғары тәуекелдері бар процестерді таңдау жолымен, сондай-ақ Жалғыз акционерден және «Самұрық- Энерго»АҚ Директорлар кеңесінен аудиторлық тексерулер жүргізуге басым сұраныстарға байланысты айқындалды.

Есепті кезеңдегі тексерулердің негізгі бағыттары:

  • Қаржы-шаруашылық қызмет аудиті;
  • Менеджменттің ҚНК-қа жету дәрежесін бағалау;
  • Портфельдік компаниялардың кәсіподақ ұйымдарымен өзара әрекеттесу аудиті;
  • Комплаенс функциясының ұйымдастырылуы мен тиімділігінің аудиті;
  • Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы процесін бағалау;
  • IT аудиті;
  • Сатып алу процестерін бағалау.
2024 жылы Ішкі аудит қызметі
24 аудиторлық тексеруді,
оның ішінде Жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес жоспардан тыс тексерулер мен аудиторлық тексерулерді орындады. Аудиторлық есептер шеңберінде Ішкі аудит қызметі
293 ұсыным:
37 – «А» санатты
74 – «В» санатты
184 – «С» санатты ұсынымдарды берді

Барлық аудиторлық тапсырмалар ішкі аудиттің Халықаралық кәсіби стандарттарына сәйкес орындалады және тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жақсарту үшін түзету/ескерту шараларын қабылдауға бағытталған қорытындыларды, анықтамаларды және ұсыныстарды қамтиды.

Қызмет іс-әрекетін бағалау жыл сайын Қызмет іс- әрекетінің Стандарттарға сәйкестігін және ішкі аудиторлар қызметінің Әдеп кодексіне сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қызмет іс-әрекетін жетілдіру үшін мүмкіндіктерді анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

Бес жылда бір рет ішкі аудиттің Халықаралық кәсіби стандарттарына сәйкес Қызметке тәуелсіз сыртқы бағалау жүргізіледі.

Директорлар кеңесі
2024 жылдың
қорытындысы бойынша Ішкі аудит қызметінің іс-әрекетін «ТИІМДІ» деп бағалады
Сыртқы аудит

2012 жылдан бастап Компанияның сыртқы аудиторы PricewaterhouseCoopers (PwC) дүниежүзілік фирмалар желісі болып табылады.

2024 жылы PwC сыртқы аудиторы көрсеткен аудиторлық қызметтердің құны (ҚҚС-сыз) млн теңге
2024
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы 256,39
Соның ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығы 84,45
Аудиторлық қызметтер үшін 2024 жылы аудиторлық ұйымға төленген сыйақы (ҚҚС-пен), млн теңге
2024
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы 274,37
Соның ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығы 92,1