Сыйақы

GRI 2-19

Компания Жарғысына сәйкес Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен тәртібі Жалғыз Акционердің шешімімен айқындалады, ал сыйақы мөлшері, Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің сыйақыларын төлеу тәртібі мен шарттары «Самұрық-Энерго» АҚ басшы және басқарушы қызметкерлерінің қызметі мен сыйақысын бағалау қағидаларына» сәйкес айқындалады.

Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақысы

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін орындағаны үшін Тәуелсіз директорлар жылдық тіркелген сыйақыны алады.

Тәуелсіз директорға оның тұрақты тұрғылықты жерінен тыс өткізілетін «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына шығуына байланысты шығыстар (жол жүру, тұру, тәуліктік) өтеледі.

2024 жылы Тәуелсіз директорларға сыйақы
47,281 мың теңгені құрады
Тәуелсіз директорлар – Директорлар кеңесінің мүшелері 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша төрт адамды құрады. Басқа төлемдер болған жоқ
Басқарма мүшелерінің сыйақысы

Басқармаға сыйақы төлеу «Самұрық-Энерго» АҚ басшы және басқарушы қызметкерлерінің қызметін бағалау және сыйақы беру қағидаларына» сәйкес шарттар мен тәртіппен жүзеге асырылады.

Бағалау ережелері мынадай қағидаттарға негізделеді:

  • Сыйақының Компания мен оның акционерінің мүдделеріне сай келетін міндеттерді орындаумен өзара байланысы;
  • Сыйақы мөлшерін айқындау қағидаттарының қарапайымдылығы мен ашықтығы;
  • Сыйақы мөлшерінің Компания қызметінің нәтижелеріне және қызметкерлердің нәтижелілігіне тәуелділігі.

Директорлар кеңесі атқарушы органның басшысы мен мүшелерін бағалайды. Бағалаудың негізгі критерийі қойылған ҚНК-ға қол жеткізу болып табылады.

Негізгі басшы персоналдың сыйақысы қызметкерлердің жалақысын, сыйлықақыларын және басқа да қысқа мерзімді сыйақыларын білдіреді.

2024 жылы негізгі басшы персоналдың сыйақысы
337,311 мың теңгені құрады
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның негізгі басқару персоналы жеті адамды құрады
Сыйақы мөлшері, мың теңге
Көрсеткіш 2023 2024
Негізгі басқарушы персонал 358,801 337,311
Тәуелсіз директорлар – Директорлар кеңесінің мүшелері (шығындар) 41,686 47,281
Тәуелсіз директорлар – Директорлар кеңесінің мүшелері (міндеттеме) 12,017 8,667