Компания портреті

GRI 2-1

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасының халықаралық энергия балансына ойдағыдай интеграцияланған, өз акционерлері үшін құнды құрайтын және энергиямен жабдықтаудың тиімділігі жоғары жүйесін қалыптастыруға, елдің барлық салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы қуаттарды жаңғырту және жаңа генерациялайтын қуаттарды енгізу жөніндегі ұзақ мерзімді мемле- кеттік саясатты іске асыруға бағытталған ірі көп салалы энергетикалық холдинг.

«Самұрық-Энерго» АҚ жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» АҚ
Компания туралы толығырақ:
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және қызметін осы аймақта жүзеге асырады
«Самұрық-Энерго» АҚ бас кеңсесінің орналасқан мекенжайы
010000, Астана қ. Қабанбай батыр даңғ., 15А, Б блогы, «Q» бизнес-орталығы

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің түрлері

GRI 2-6

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы қызметінің негізгі түрлері көмірді, көмірсутектерді және су ресурстарын пайдалана отырып, дәстүрлі энергетика негізінде электр энергиясын, жылу энергиясын және ыстық суды өндіру, сондай-ақ өндірілген өнімді халыққа және өнеркәсіптік кәсіпорындарға өткізу, электр энергиясын тасымалдау және бөлу, су электр станциялары мен жылу электр станцияларын салу, жаңартылатын электр энергиясы көздерін салу және пайдалану, көмір өндіру және сату, сондай-ақ су электр станцияларының мүліктік кешендерін жалға беру болып отыр.

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің негізгі түрлері:

  • Қазақстан Республикасында энергетикалық активтерді басқару – көмір өндіру және сату, жылу және электр энергиясын генерациялау, беру, бөлу және сату;
  • қолданыстағы генерациялайтын қуаттарды жаңғырту және жаңа қуаттарды салу;
  • Қазақстан Республикасының энергетикасына жаңа технологияларды енгізу.
Негізгі өнім және қызметтер
жылу және электр энергиясын өндіру
жылу және электр энергиясын беру және бөлу
энергетикалық көмір өндіру

Негізгі өткізу нарықтары:

  • Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алады. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – мемлекет жүз пайыз қатысатын, уәкілетті орган айқындайтын, электр энергиясының жоспарлы көлемдерін орталықтандырылған сатып алуды және орталықтандырылған сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға.
  • Өндірілетін энергетикалық көмір Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатылады және Ресейге экспортталады.

Даму тарихы

Қолданыстағы генерациялайтын қуаттарды жаңғырту және жаңа генерациялайтын қуаттарды іске қосу жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мақсатында 2007 жылғы 18 сәуірде Құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімімен «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы («Самұрық-Энерго» АҚ) құрылды. «Самұрық-Энерго» АҚ құрылған сәтте оның құрылтайшылары «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ болды. «Самұрық-Энерго» АҚ Алматы қаласында 2007 жылғы 10 мамырда тіркелді.

2008 жылғы 3 қарашада «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ мен «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ біріктіру жолымен жүргізілген қайта ұйымдастыру нәтижесінде «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдынг» АҚ құқықтық мирасқоры болып табылатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл- ауқат қоры» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ акционері болды.

«Самұрық-Энерго» АҚ активтері

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының құрамына ұлттық маңызы бар объектілерді қоса алғанда, Қазақстанның ірі генерациялайтын компаниялары – Екібастұз 1-МАЭС және 2-МАЭС, сондай-ақ аймақтық маңызы бар электр және жылу энергиясын өндіретін станциялар. Компаниялар тобына сондай-ақ Ертіс СЭС каскадының бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының негізгі су электр станциялары және елдің оңтүстік өңірлерінің су электр станциялары, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) объектілері кіреді.

«Самұрық-Энерго» АҚ активтеріне сондай-ақ Алматы өңірінің өңірлік тарату желісі мен өткізу компаниясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ірі көмір өндіру кәсіпорны – «Богатырь Көмір» ЖШС жатады. Кәсіпорын көмірді «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының генерациялайтын объектілеріне де, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдегі үшінші тұлғаларға да жеткізеді. «Самұрық-Энерго» АҚ активтерінің құрылымы туралы көбірек ақпаратты осы Есептің 24-бетінен таба аласыз.